Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
«Құлан таңы» газеті бүгінгі таңда үлкен форматпен облыс орталығындағы «Сенім» баспасынан офсеттік тәсілмен басылып шығады. Иә, осыдан 80 жыл бұрын газет қолмен терілетін. Баспагерлердің жұмысы да тым сылбыр, өнімсіз болатын. Техникалық прогресс дамығаны ғой, бүгінде әр журналист мақаласын өзі компьютерде теріп, дизайнерлерге өткізеді. Оны макет бойынша безендіру байырғы баспагер Перизат Кабираева мен оның шәкірттері Лесбек Әбдірайымов пен Фархат Есімқұловқа аса қиынға соқпайды. Бүгін олар газеттің кезекті санын баспаға әзірлеуде. Бүгінгі нөмірдің кезекшісі жас журналист Марат Диханбай да, корректоры Айнұр Диханова.
Баспагерлер мен журналистер өздерінің төл мерекесін әрі «Құлан таңы» газетінің 80 жылдығын тағы да сол қарбалас жұмыс үстінде қарсы алды. Өйткені олар өздерінің газетін әр оқырман асыға күтіп отырғанын жақсы біледі. Сондықтан да аудан айнасы болып табылатын басылымды неғұрлым тартымды әрі мазмұнды етіп шығаруға тырысады.
С.ШАМИН.
Суретте: журналист Марат Диханбай, бас есепші Ақмарал Сариева, оператор-дизайнер Перизат Кабираева, корректор Айнұр Диханова газеттің мерекелік нөмірін шығаруда.