Құрметті, байланыс және баспасөз саласының қызметкерлері!

615 Views

Қымбатты, тілшілер мен ардагер журналистер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында интернет байланысы, баспасөз ба­сылымдары халықты қажетті ақпа­ратпен толық қамтамасыз етіп отыр.
Еліміздің руханиятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйін­шілейтін біздің ең жақын серігіміз-баспасөз.
Жергілікті «Qulan tany» газеті ауданымыздың рухани шамшырағы, ғұмыр айнасы екені баршамызға белгілі.Биыл аудандық төл басылымның құрыл­ғанына 80 жыл! Осы уақыт ара­лығында аталмыш басылым ау­данның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып, үлкен белестерді бағындырды. Хал­қымызға жаңалықтың жаршысы болып, рухани дүниелерін байытуға атсалысты. Журналистер мен қаламгерлердің, білікті басшылар мен білімді мамандардың ұшқан ұясы бола білді.
Қазіргі таңда да бұл газеттің өзіндік бет-бейнесі қалыптасып, аудан жұртшылығының ыстық ықыласына бөленіп келеді. Аудан көлемінде болып жатқан саяси-мерекелік шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз газет бетінде жарық көруі тұрғындарды қуантады. Ауданымыздың тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда. Сіздер арқылы аудан хал­қы тың жаңалықтар мен қажетті ақпа­ратты алады. Еліміздің татулығы мен тұрақ­тылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашан да халық арасында құрметке лайық. Сіздер де сол құрмет пен алғыс­ты иеленіп келесіздер!
Алыс-жақын ел тұрғындарын бір-бірімен байланыстырып, ақпарат саласындағы жаңа технологияларды жетік меңгеріп, уақыт ағымынан қалмай, халыққа заманауи әрі сапалы қызмет ұсынып отырған байланыс саласы қызметкерлерінің де қоғамдағы орны ерекше. Нақты адами ұстаным мен болып жатқан жайтқа бей-жай қарамай, мақсатқа жетуге ұмтылу — сіздердің мамандықтарыңыздың ерекше қыры. Сондықтан еңбек­те­ріңізге шығармашылық табыс пен зор жетістіктер тілейміз!
Құрметті, байланыс және ақпарат қызметкерлері!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ден­деріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкеле берсін! Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

Аудан әкімі                                                                                         Е.Садырқұлов.
Аудандық мәслихат хатшысы                                                        Т.Жаманбаев.

Поделиться ссылкой: