Ауылдағы қоғамдық қабылдау

471 Views

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» атты тұжырымдамасы бүгін­де жүйелі жоспарлар негізінде жұмыс жа­сап, бірте-бірте іске асырылып ке­ле­ді. Нәтижесі де жаман емес, көңілге қо­нымды десек те болады.
Қазіргі таңда дәл осындай игі баста­ма­лардың арқасында халық пен билік ара­сында тығыз байланыс орнатылуда. Оған көз жеткізу үшін ауылдық округ­терге қарасты елді мекендерге арнайы ат басын бұрып, тұрғындармен жеке-жеке кездесіп, өтініш тілектеріне құлақ тү­ріп жүрген аудан әкімі Ерболат Садыр­құловтың оң бастамаларына көз жүгірт­сеңіз жеткілікті. Аудан әкімінің бастамасымен ұйымдасытырылған көшпелі қоғамдық қабылдаулар бұдан бұрын Құлан, Луговой, Абай, Қарақыстақ, Көкдөнен сынды ірі ауыл­дарда өткен болатын. Ал, өткен аптаның жұмасында аталмыш фор­маттағы кез­десу Көгершін және Құмарық ауыл­дарында ұйымдастырылды.
Аудан әкімі ең алдыменен Абсенттей арғымақты баптап өсірген, кезінде аты әлемге әйгілі болған Көгершін ауылына барды. Орталық саябақта ұйымдастырылған жиынға тұрғындар көптеп жиналыпты. Бәрі де тізімге жазылып, бірінші болып өтініш тілек­терін жеткізуге асықты. Дегенмен, аудан әкімі Ерболат Садырқұлов кез­десуге келген әрбір тұрғынмен жеке-жеке тілдесті. Жиын барысында тұр­ғындар ауыл аумағында интернет жыл­дамдығының төмендігін, кейбір көше­лерде жарық пен жолдың жоқтығын тілге тиек етті. Ауыл тұрғындары өткен жылы іске қосылған пилоттық жоба аясында 2,5 пайыздық несие алуға, сол арқылы жұмыс жасап, тұрмыстарын жақ­сартуға ниетті екендіктерін де аңғартты. Сонымен қатар ауыл ақса­қалдары елді мекендегі ауыз судың санитарлық талаптарға сай еместігін, жайы­лымдық жердің жетіспейтіндігін сөз етті. Ал, ауыл жастарының атынан сөйлеген Азамат Қыздарбек Көгершінде спорттық нысандардың жоқтығын ай­тып, аудан әкіміне осы мәселенің ше­шілуіне ықпал жасауын өтінді.
Үш бірдей елді мекеннің басын біріктіген Құмарық ауылдық округінде тұрғындар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі мен ауыл арасын жалғап жатқан жолдың нашарлығын, интернеттің баяулығын, балабақшаның қыстық маусымға дайын еместігін, мәдениет үйіне көгілдір отын кіргізу сынды мәселелерді көтерді. Одан бөлек «Өнер» мектебінің бос тұрған ғимаратын көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға беру және ауыл шекарасын ұлғайту, медпункке ауыз су жұйесін кіргізу мәселелерін көтерді.
Аталмыш мазмұндағы сауалдарға аудан әкімі мен жауапты бөлім бас­шылары толыққанды жауап қайтарды. Тұрғындарға мәселелерді шешу үшін бүгінгі күнге дейін жасалған жұмыстар тіз­бектеп берілді. Сонымен қатар мә­се­лелердің дер кезінде шешілуіне ық­пал жасау мақсатында аудан әкімі та­рапынан бөлім басшыларына, округ әкімдеріне және жауапты мамандарға хаттамалық тапсырмалар жүктелді.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: