Кеңейтілген отырыс өтті
11 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
Ұлттар лигасы аясында алғашқы кездесуін өткізген футболдан Қазақстан құрама командасының ойыншылары Литва елінің аяқдопшыларын 2:0 есебімен ұтты. Енді матчқа қысқаша шолу жасап өтсек. Кездесу Вильнюс қаласындағы «LFF-Ветра» стадионында өтті. Ойынның 3-ші минутында гол соғылды. Иә, гол авторы жақында ғана мәскеулік «ЦСКА» клубымен келісімшарт жасасқан тараздық жас футболшы Бақтияр Зайнутдинов. Біздің жігіттер алғашқы таймда есеп ашып алған соң ба, көбіне-көп қорғанысқа көңіл бөліп жүрді. Бұл бас бапкер Михал Билектің әу баста ұстанған негізгі тактикасы секілді. Оны бір жағынан түсінуге де болады. Ойын сырт алаңда өткендіктен, бас бапкер осындай қадамға барған болар деп топшыладық. Исламбек Қуат 86-шы минутта есепті еселеген сәтте, жеңістің аулы біздің құраманың жігіттерінің пайдасына шешілер тұсын анық аңғарғандай болдық. Және ол солай болды да. Жалпы екі құраманың ресми матчтарда жолы түйіспеген. Тек 2014 жылдың 5 наурызында Түркияның Анталия қаласында жолдастық кездесу өткізіп, қарсыластардың ұпай бөліскені есімізде. Мінеки, араға 6 жыл салып, қос құраманың футболшылары жасыл алаңда ресми матчтардың бірінде кездесіп, бұл доп додасында біздің жігіттердің мерейі үстем болып отыр. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы С тобында өнер көрсетеді. Қарсыластар – Албания, Белоруссия, және Литва. Осылайша ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуін еліміздің аяқдопшылары сырт алаңда өткізіп, жеңіспен бастады. Ұлттық құраманың футболшылары екінші кездесуін 7 қыркүйек күні Алматының «Орталық стадионында» өткізеді. Қарсылас Белоруссия құрамасының аяқдопшылары. Ұлттық құраманың сенімді серкелері, Жамбыл өңірінің мақтаныштары Бауыржан Исламхан мен Бақтияр Зайнутдинов сенімді ақтап, отандастарымыздың бұл матчта да мерейі үстем боларына сенеміз.
Алғыс хат табыс етілді
Соңғы жылдары ауданымызда шахмат ойынының өрісі қарқынды дамып келе жатқандығын біз ылғи жазып жүрміз. Шахматтың ауданымызда дамуына №1мектеп-лицейінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі әрі Тұрар Рысқұлов аудандық шахмат және шашкі федерациясының төрағасы Жандос Адибаевпен қатар аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің де қосқан үлесі бар.
Естеріңізде болса, спорт күніне арнайы дайындаған материалдар тізімінде оқушылар арасында жылдам (блиц) шахматтан «Kulan Open» атты облыстық ашық онлайн турнирі өткенін жазған едік. Турнирде жүлде алған аудан өрендерінің есімін сол мақалада атап өткен болатынбыз. Сондықтан ол жағын қозғамай-ақ қоялық. Біздің айтпағымыз, осы турнирді жоғары деңгейде ұйымдастыра білгені үшін жуырда аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев пен бас маман Сержан Сәрсеновке облыстық шахмат федерациясы алғыс хат табыс етті. Бұл да болса, еңбектің бағаланғаны деп білеміз. Марапат иелерін алған наградаларымен құттықтаймыз.
Топтаманы дайындаған Марат Диханбай.