«Асарлатып үй салу» – баспанамен қамтудың оңтайлы жолы

525 Views

Журналист болған соң аудан аума­ғындағы ауылдарды жиі аралаймыз. Сонда басында баспанасы жоқ көптеген жан­ұяларды кезіктіріп жатамыз. Оның ішінде кейбірі ішкі шерін айтып ақта­рылса, екінші бірі барға қанағат етіп үнсіз қалғанды құп көреді. Аймақ бас­шысы Бердібек Сапарбаевтың іскер­лігімін қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы осы мәселенің түйі­нін шешуге бағытталған ауқымды жұмыс­тың бірегейі болғалы тұр бұйыртса.
Аталмыш жобаға атсалысу үшін бүгінгі таңда аудандағы әр ауылдық округтің әкімдері қызу жұмысқа кірісіп кетті десек болады. Өз ісіне қабілетті Құлан ауылдық округінің әкімі Еркін Сейтжапаров та «Асарлатып үй салуды» мықтап қолға алған басшының бірі. Қазіргі таңда үйдің іргетасы салынып, кірпіші қалану үстінде. Құрылыс жұ­мысына әкімдік қызметкерлерімен қа­тар аудандық жастар ресурстық орта­лығының мамандары, сондай-ақ, ерікті жастар да белсене атсалысуда. «Маратжан, қазір интернетті ашып қал­саң, небір негативті жаңалықтарды көзің шалады. Мен кейде неге осындай бо­лып барамыз деп ойлаймын. Неге жақ­сылықты көзіміз көрмейді. Мәселен, «Асар­латып үй салу» жобасын ай­тайықшы. Қандай керемет жоба. Неге бір-біріміздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асы­рмай­­мыз осы. Осы жобаға қаншама ау­даны­­мыздың жомарттықты ақшамен емес, абыроймен өлшейтін беделді кәсіпкерлері қаражат бөлді. Бұйыртса, үй салынып біткенде қоныстың кілтін көпбалалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне табыстаймыз. Өздеріңізбен сол қуанышымызды да бірге бөлісетін боламыз. Ерікті жастарға да айтар алғысымыз шексіз. Біз бір-бірімізге осылай қолдау білдірсек қана іргелі ел атанамыз» дейді Еркін Сейтжапаров.
Жомарттық расымен де ақшамен өлшенбейді. Әттең, кей жағдайда осыны ескере бермейтініміз өкінішті. Шыны керек, қазіргі қоғамда адам баласы бір ауыз жылы сөзге зәру. «Қарға екеш қарға да өз балапанын аппағым» демеуші ма еді, ардақты ағайын. Сондықтан атам қазақтың «Жақсы сөз – жан семіртеді» дегенін ескеріп, бір-бірімізге қамқор болып жүруді ұмытпайықшы.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: