ОРАЗА ДЕГЕН НЕ?
38 ViewsОРАЗА ДЕГЕН НЕ? Ораза дегеніміз – белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсілік қалаулардан тыйылу. Оразада ішіп-жеу және құмарлық сезімдерден сақтану – парыз. Оразаның уақыты –…
Аудан аумағында алтын өндірумен айналысатын «Golden Compass Jambyl» ЖШС-гі соңғы жылдары көптеген қайырымдылық істерді іске асырып, халықтың алғысына бөленуде. Коронавирус пандемиясы кезінде Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының орталық ауруханаларына құны 24 миллион теңге тұратын жасанды демалу аппаратын (ИВЛ) алып беріп, үлкен сауапты іс жасаған болатын.
Қайырымдылық істерін жалғастырған Құрбан Закиржанұлы Изалов басқаратын серіктестік Абай ауылында соғылып жатқан әлеуметтік, халал асхананың шатырына құны 1 миллион теңге тұратын сапалы темір жабдықтарды жеткізіп беріп, ауыл халқының алғысына бөленді. Аталған серіктестік ауыл маңындағы тау жолын жөндеуге, ауылдағы спорт алаңдарын дамытуға өз үлестерін қосумен қатар, көпбалалы, жалғызілікті ауыл тұрғынына үй алып беруге де ниет білдіріп отыр.
М.Арыстанбеков, Абай ауылдық округі әкімі.