Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) — денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады.
Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары:
Аз қаражатпен МӘМС шеңберінде қызметтердің толық пакетін алу! Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, Сіз қабылдаудан бастап дәрігердің терең тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз;
Сақтандырылған азамат жеке электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі жеке кабинеті арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің, денсаулық жағдайын, ақылы жарналары туралы барлық ақпаратты көре алады;
Медициналық сақтандыру жүйесінің мүшелері жеке табыстарына және қорға жинақтаған қаражат көлеміне қарамастан, тең қызметке қол жеткізе алады;
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушы болу үшін :
1. Алдымен мәртебеңізді анықтаңыз: Әлеуметтік мәртебені egov.kz порталы арқылы білуге болады. egov.kz сілтемесі арқылы порталға кіргеннен кейін ЖСН енгізесіз. Содан кейін төмендегі статустың бірін таңдайсыз: «Жұмыс істейді», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа толмаған балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген» және «Мәртебесі анықталмағандар». Егер: жұмыссыз болсаңыз, Жұмыспен қамту орталығына немесе әкімдікке барып тіркелуіңіз керек. Егер Сіз экономиканың бейресми саласында еңбек етсеңіз, онда жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде ақша аударасыз немесе Бірыңғай жиынтық төлем төлеуіңіз қажет.
2.Емханаға тіркелу: Емханаға тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады. Үстіміздегі жылдың қыркүйегі мен қараша аралығында бүкіл республика бойынша емханаға тіркелу науқаны жүргізілуде. Сондықтан медициналық көмек алу үшін әрбір тұрғын өз таңдауы бойынша емханаға тіркелуі міндетті!
3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болуыңыз міндетті.
Егер жұмыс істейтін адам болсаңыз, Сақтандыру Қорына Сіз үшін жұмыс беруші төлейді.
Егер мемлекет қарамағындағы 15 осал топқа жататын болсаңыз, мемлекет Сіз үшін жарна аударады.
Егер, Сіз, өзін-өзі жұмыспен қамтушы несмесе БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлеушілер қатарында болсаңыз, өз-өзіңіз үшін Сақтандыру қорына жарна төлеуіңіз шарт: сақтандыру қорының жарна көлемі-2125 теңге.Бірыңғай жиынтық төлемнің: — 10 % жеке табыс салығы;
— 20 % Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына; 30 % Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына; — 40% Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады. Республикалық маңызы бар қалалар, елорда мен облыстық деңгейдегі шаһарларда БЖТ 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2525 теңге, ал басқа ауылды елді мекендерде жарты (0,5) АЕК немесе 1263 теңгені құрайды. МӘМС пакетін пайдалану үшін БЖТ 3 ай қатарынан төленуі тиіс. Төлемді кез келген банк немесе терминал арқылы жүргізуге болады. Тұрғындар арасында «Егер мен сақтандыру жарнасын төлмесем, маған медициналық көмек көрсетілмейді» деген ұғым қалыптасқан. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының екі пакеті бар, соның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне шұғыл көрсетілетін қызметтердің бәрі жатады:
· Жедел жәрдем;
· Санитарлық авиация;
· Созылмалы ауруы барларды бақылау;
Шұғыл көрсеткіштер бойынша стационарлық көмектің орнына көрсетілетін қызметтер. Бұл бәріне тиісті. Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша жұрттың бәрі бірдей емханаға жүгініп, стационарда емделе алады, диагностикадан өтеді. Барлық азаматтарға шұғыл медициналық көмектер көрсетіледі, оның ішінде терапевттің қабылдауы мен (созылмалы аурулар мен олардың асқынулары) салауатты өмір салты отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңестері, сондай-ақ диагностикалық қызметтер кіреді. Міндетті медициналық сақтандыру Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне салалық мамандардың қабылдауы кірмейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатыспағандар олардың қабылдауына кіру үшін ақы төлеу керек болады. Бұл динамикалық бақылау жүргізбейтін созылмалы ауруы барларға да қатысты.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға сақтандыру пакетінде төмендегі қызметтер көрсетіледі:
Консультативті-диагностикалық көмек, оның ішінде қымбат лабораториялық қызмет;
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің үстінен амбулаториялық дәрілермен қамтамасыз ету;
Ауруханада емделу және жоспарлы стационарлық көмек;
Медициналық оңалту;
Қалпына келтіру кезеңінің соңғы сатысында емдеу;
Қымбат медициналық зерттеу қызметінің көлемі: компьютерлік томографиядан өту, лабораториялық анализдер, полимеразалық тізбек реакция;
Айта кету керек, 2020 жылдың сәуір айына дейін еліміздің барлық азаматтары шартты түрде сақтандырылды. Яғни, олар дәрігерлік көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шарты аясында алды. 2020 жылдың 1- шілдесінен бастап сақтандыру жүйесі толық күшіне енді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сондай-ақ, жарналарды төлеу бойынша қарыздың қаншалықты екенін 1406 нөміріне қоңырау соғып, бірыңғай call-орталықтан, білуге болады. Сондықтан, медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізге мән беріп, ойлануға тура келеді. Қазір жарналар мен аударымдарды ресми сайттар немесе қосымшалар арқылы үйден шықпай-ақ аудара аласыз. «Қолдау 24» жүктемесі- порталы арқылы уақытша сақтандыру мәртебесін алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл тәсіл, әсіресе, қазіргідей әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қозғалыс пен байланысты барынша шектеу қажет болып тұрған кезде өте маңызды. Өз мәртебеңізді дер кезінде анықтап, медициналық көмектің қол жетімдігі өз қолыңызда!
Р.Жұманқұлова,
аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.