Ағаш көшеттері отырғызылды
38 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл азаматтары мен азаматшаларына көптеген қолдаулар көрсетілуде. Сөзіміз дәлірек болу үшін нақты сандық мөлшермен атап өтсек те болады. Мәселен, аталмыш бағдарламаның «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деп аталатын II бағыты бойынша биыл ауданымызда 170 азаматқа 720,3 миллион теңге несие беру, сондай-ақ, кәсіпкерлік негіздері бойынша 120 азаматты оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге «Бастау-бизнес» жобасымен аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы 239 азамат оқытылды. Бұдан өзге Тараз қаласындағы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» микрокредиттік ұйымы және кредиттік серіктестіктер арқылы 190 азамат 662,6 миллион теңге несие алды. Несие алған жандар қазіргі таңда өз істерін алға дамытып, тұрмыстық табысын еселеу үстінде.
Айталық, Құлан ауылының тұрғыны Кенжебек Сейдахметов алған несиесіне мал сатып алып, оларды бордақылап, зор табысқа кенеліп отыр. Бұны бір деп қойыңыз. Одан өзге шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында бизнес идеялары бар жас азаматтар мен азаматшаларға қаншама қолдаулар көрсетілуде. Бұл тұрғыда кәсіптің көзін тауып, алға қойған мақсатына жетуді көздеген 330 адамға 175449,0 мың теңге қайтарымсыз грант берілді. Көкдөнен ауылының тұрғыны Дина Уразметова, Тереңөзек ауылының тұрғыны Жанаркүл Агнаева мен Құлан ауылының тұрғыны Мадина Байкенова өздері жоспарлаған бизнес идеяларына мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантты ұтып алып, нәтижелі жұмыс атқарып жатыр.
Сәуле Умеева,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.