Ағаш көшеттері отырғызылды
48 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Қайырымдылық – қазақы болмыс-бітімнен дарыған асыл қасиеттердің бірі. Өкінішке орай атадан қалған осы қасиетті бәзбіреулер жарнамаға айналдырып жібергені және рас. Қайырымдылық есепке құрылмауы тиіс. Ол кәсіпкердің өз ықтиярымен көпшілікке деген зор ықылас ниетімен берілуі қажет.
Биылғы «Қайырымдылық» акциясына Жалпақсаз ауылының жомарт азаматтары бір кісідей атсалысты. Атап айтар болсақ, Жалпақсаз бастауыш мектебінде білім алатын аз қамтылған отбасы баласына ауылымызда тұратын жеке кәсіпкер, «Жалғас» шаруа қожалығының басшысы Жалғас Сейдімбеков демеушілік жасап, қаржылай көмек көрсеткен болатын. Жанұя мүшелері өз кезегінде осындай қамқорлық көрсеткені үшін кәсіпкер азаматқа алғыстарын жаудырды. Мектеп ұжымы атынан бізде Жалғас Сейдімбековке зор ризашылығымызды білдіреміз.
Аяжан Жандарбаева,
Жалпақсаз бастауыш мектебінің әлеуметтік педагогы.