Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
«Нұр Отан» партиясы жарқын болашақ пен толайым табыстарға жетудің іргетасы іспеттес. Бүгінде партияның ықпалымен халық пен биліктің арасында тығыз байланыс орнатылып, жұртшылықтан келіп түскен өтініштер де жерде қалмай, нақты шаралар қабылданып келеді. Мысалы, «Біздің ауыл», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» сынды жобалардың аясында электоратпен дәстүрлі жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде еріктілер тобы ардагерлерді қамқорлығына алып, жетім балалар мен мұқтаж отбасына көмек көрсетіліп, ауылдарда балалар мен спорттық аулалар іске қосылған. Сондай-ақ, еліміздегі әлеуметтік инфрақұрылымдар нысаны мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделе қайта жасақталған. Партиялық жобалардың ішінде «Сәтті қадам» атты жастарды қолдайтын ауқымды шаралар да бар. Мұның бәрі бизнеске қолайлы орта жасап, отбасылық кәсіп дәстүрін қалыптастыруға бағытталғанын атап өткен жөн. «Нұр Отан» партиясының алға қойған мақсаттарға қол жеткізу жолы бүкіл қазақстандықтардың бірлескен іс-қимылында жатыр. Сондықтан да партиямыз Қазақстанның барлық азаматтарын бірлікке шақырады. Жаһандық қауіп-қатерлер алдында тек татулық пен мызғымас бірлік арқылы ғана біз дағдарысты еңсеріп, одан әрі қарышты дамуды жалғастыра аламыз. «Нұр Отан» партиясы осынау қиын сәтте ауызбіршілікті, ұйымшылдықты, сенімділікті нығайтуға және ұлғайта түсуге шақырады. Бүгінгі біздің басты миссиямыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын одан әрі жалғастырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсету. Президентіміздің алға қойған стратегиялық бағыты дағдарысты еңсеріп, бәсекеге қабілетті ел болып шығуға мүмкіндік туғызып отыр.
Мұратжан Мейманханов,
«Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының «Каменка» БПҰ төрағасы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің директоры.