Бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз

603 Views

Қытай елінен бастау алған корона­вирус індеті бүгінгі таңда жер жаһанды әбігерге салып отыр. Мемлекетіміз «COVID -19» дертінен сақтануды мей­лінше күшейтіп, жұқпалы аурудың сал­дарымен хал-қадірінше күресіп-ақ жатыр. Өкінішке орай, әлем елдеріне тара­ған коронавирус індеті басылмай, керісінше үдей түсуде. Өздеріңіз жаңалықтардан көріп, газеттерден оқып та отырған боларсыздар, аталмыш ін­детті жұқтырған отандастарымыз да жоқ емес, бар. Халықты әуре-сарсаңға салған жұқпалы дертті жоюдың жал­ғыз амалы – дәрігерлер нұсқаған қауіп­сіздік ережелерін мейлінше сақтау бо­лып отыр, ардақты ағайын. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына бір сөзі ойыма ора­лып отыр. Президентіміз: «Біз – тарихы­мызда небір қиындықты бастан өт­керген халықпыз. Сол сынақтардан, ең ал­дымен, береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл халықты жұды­рықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын. Біз біргеміз!» деп әрдайым халықпен бірге екендігін айтқан болатын.
Шындығында да, Мемлекет бас­шысы сөз еткендей қарға тамырлы қазақ халқы нендей жағдайды бастан өткерсе де, тонның ішкі бауындай ұйыс­қан берекелі бірлігі мен мыз­ғымас татулығының арқасында ол қиындықтарды еңсере білген. Сон­дықтан бұған алаңдаудың, абыр­жудың еш реті жоқ, ардақты ағайын. Қазақ халқы бұл қиындықтан да аман шығады. Себебі, біз, Жұбан Мол­дағалиев жырлағандай, «Мың өліп, мың ті­ріл­ген» рухты халықпыз.

Қожайхан Бижанов,
аудандық ардагерлер
Кеңесінің төрағасы.

Поделиться ссылкой: