Шоқ тілді Шона
40 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Соңғы кездері аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен бірқатар байқаулар мен жобалар қолға алынып келеді. Олардың басым көпшілігі тұрғындардың рухани байлығын жаңғыртуға, елді мекендердегі ақсақалдардың әлеуетін арттыруға, жергілікті жерлерде қылмыс пен тәртіпсіздікті болдырмауға бағытталған. Сол жүйелі жоспарларға негізделген жобалардың бірі – «Үлгілі ауыл» жобасы.
Аталған байқауға біздің ауданнан екі бірдей ауыл қатысты. Оның біреуі – Көкдөнен ауылы болса, екіншісі – Абай ауылы. Жуырда бірлігі мен ынтымағы жарасқан елді мекендерде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды әр саланың мамандарынан құралған арнайы жұмысшы тобы зерделеп, тексеріп қайтқан болатын. Оны біз газетіміздің алдыңғы сандарында жазып, ол туралы толыққанды мәлімет беріп, арнайы бетке фоторепортаж жазған болатынбыз. Сол сәтте облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастап келген арнайы жұмысшы тобының мүшелері Мұратбек Арыстанбеков басшылық ететін Абай ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше көңілі толған еді. Сондықтан болар, топ мүшелері Абай ауылын жүлделі орындардың біріне лайықты деп таныды.
Дәлірек айтсақ, облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен өткен отырыста Абай ауылдық округіне жүлделі екінші орын беру жөнінде шешім ұйғарылды. Сол үшін де барша ауыл тұрғындарын шын жүректен құттықтаймыз. Іргелі істердің атқарылуына айрықша үлес қосып жүрген ауыл азаматтарына осындай толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз.
Аты аталған отырыстың хаттамасына сүйенсек, Қордай ауданына қарасты Кенен Әзірбаев ауылы жоба жеңімпазы атанды. Ал, екінші орынды Абай ауылы мен Байзақ ауданына қарасты Мәдімәр ауылы өзара бөлісіпті. Жүлделі үшінші орынға Жуалыдағы Қарабастау, Меркідегі Сұрат және Шу ауданындағы Дінмұхамед Қонаев елді мекендері ие болды.
Редакциядан: Жоба жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Тұңғыш Президент күніне орай өткізілетін болады.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.