Сайлаушылар белсенділік танытса, науқан қыза түседі

595 Views

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Үндеу жариялап, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетіндігін айтқан болатын. Осыған орай өткен сейсенбіде аудандық мәдениет үйінде облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мәдиева Сара Қабылбекқызы, сондай-ақ, Шу және Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссияларының хатшылары Бауыржан Стыбаев пен Гүлмира Далиева ауданымызға келіп, мәнді де мазмұнды конференция өткізді. Келелі конференцияға аудан әкімі аппаратының басшысы Әлібек Терлікбаев, аудандық аумақ­­тық сайлау комиссиясының төраға­сы Манарбек Тлепов және бел­гіленген сайлау учаскелерінің төр­ағалары мен хатшылары қатысты.
Конференция барысында жиынға қатысушылар белсенділік танытып, ерекше атсалысып отырды. Облыстық аумақ­тық сайлау комиссиясы төр­аға­сының орынбасары Сара Қабыл­бекқызы Қазақстан Республикасы мәс­лихаттары депутаттарының сай­лауын ұйымдастыру мен өткізу жө­нінде дәйекті мағлұматтар айтып, конференция қатысушылары жолдаған сауалдарға тұшымды жауаптар қай­тар­ды. Конференцияда тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.
Өз кезегінде Шу және Меркі ау­дандық аумақтық сайлау комис­сия­ларының хатшылары Бауыржан Стыбаев пен Гүлмира Далиева да сах­наға көтеріліп, бірі «Мәслихат депу­таттарын сайлау бойынша дауыс беру және дауыс беру қорытындыларын анық­тау тәртібі», екіншісі, «Сайлау инс­титуты – демократиялық мемле­кет­тің жұмыс істеу негізі ретінде. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты тақырыпта сөз қоз­ғап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: