Абай дүниетанымы дәріптелді

738 Views

Жақында Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жалпы ұлттық мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Гүлмираш Қырықбаеваның ұйымдастыруымен «Абай әлемі» байқауының аудандық кезеңі өтті. 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқау екі кезең бойынша өрбіді. Алғашқысы – «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деген тақырыпта эссе жазу бағыты болса, екіншісі – «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп аталды. Бұл кезеңде өлең жазуға құштар оқушылардың шығармашылық қабілеттері ерекшеленіп, саралануы. «Zoom» платформасы арқылы онлайн форматта өрбіген байқаудың алғашқы кезеңінің қорытындысы төмендегідей.
8 сынып оқушылары арасында «Абай әлемі» республикалық байқауының аудандық кезеңінде «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деген тақырыпта эссе жазу бағыты бойынша жүлделі III орынға Тоқтар Әубәкіров атындағы негізгі мектептің оқушысы Нұрай Мұхит пен Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің оқушысы Нұрасыл Тастан ие болды. Жүлделі II орын № 2 шағын орталықты орта мектептің оқушысы Ұлдана Жайлаудың еншісіне жазылды. Абай атындағы орта мектептің оқушысы Нұрасыл Керімбек байқау жеңімпазы деп танылды. 9 сынып оқушылары арасында Алғабас орта мектебінің оқушысы Аяулым Әлдибек пен Максим Горький атындағы орта мектептің оқушысы Сабина Ақбердиева жүлделі үштіктің қатарына енсе, жүлделі II орын Тоқтар Әубәкіров атындағы негізгі мектептің оқушысы Сымбат Орынбасарға бұйырды. Жүлделі I орын Абай атындағы орта мектептің оқушысы Елнұр Нұрдосұлының еншісіне жазылды. 10 сынып оқушылары арасында қазылар алқасы 4 оқушыға үшінші орынды тапсыру жөнінде ұйғарым шығарды. Нәтижесінде Жамбыл, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов және Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің оқушылары Аяна Тастан, Айым Шалден, Еңілік Оразбаева мен Мадина Әмреева жүлделі III орынға ие болды. Абай атындағы орта мектептің оқушысы Әліби Жұмабек пен Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Ділназ Тілеуқұл жүлделі II орынды еншілесе, жүлделі I орынды Райымбек Смаилов атындағы орта мектептің оқушысы Дильназ Сейсенбек жеңіп алды. 11 сынып оқушылары арасында жүлделі III орын Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Лаура Сүйінбектің еншісіне жазылса, жүлделі II орынға Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің оқушысы Мадина Шабден мен №1 мектеп-лицейінің оқушысы Әдемі Алыла ие болды. Райымбек Смаилов атындағы орта мектептің оқушысы Тұнық Гіміңтай байқау жеңімпазы атанды.
Ал «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп аталған байқаудың екінші кезеңінің 8 сынып оқушылары арасындағы қорытын­ды мынадай. Жүлделі III орынға Бауыржан Момышұ­лы атындағы орта мектептің оқушысы Иланхаир Берікбай ие болса, жүлделі II орын Алғабас орта мек­те­бінің оқушы­сы Азиза Әбілахатқызының еншісіне жазылды. Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Дәулет Тыныш­­бек байқау жеңімпазы атанды. 9 сынып оқушылары арасын­­да Абай атындағы орта мектептің оқу­шысы Дильназ Төлен мен Құлан мектеп-гимназиясының оқушысы Назер­ке Момын­құл тиісінше жүлделі III және II орындарды өз еншілері­не жазса, жүлделі I орынды Тұрар Рысқұлов атын­дағы мектеп-лицейінің оқушысы Ару Абусерікқызы жеңіп алды. 10 сынып оқушылары арасында қазылар алқасы тек екі орынға жүлде беруді жөн деп тапты. Нәтижесін­де жүлделі II орын Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушы­­сы Қарақат Құрманханның еншісіне жазылса, Құлан мектеп-гимназиясының оқушысы Мейрамбек Насыр бай­қау жеңімпазы атанды. 11 сынып оқушылары арасын­да жүлделі III орын №3 шағын орталықты орта мектеп­тің оқу­шы­сы Ақнұр Абаққа бұйырса, жүлделі II орын Ақбұлақ орта мектебінің оқушысы Аяна Мейірханның еншісі­не жазыл­ды. Жүлделі I орынды Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің оқушысы Әлтұран Мали­кеев жеңіп алды. Алдағы уақытта байқау жеңімпаздары республикалық «Абай әлемі» байқауының облыстық кезеңінде бақ сынайтын болады.

Ақымет Қамшыбек.

Поделиться ссылкой: