Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Еліміздің тұғыры биік, іргетасының берік болуы рухани өмірдің кең құлаш жаюымен тығыз байланысты. Мәдениет мәйегі, руханият өзегі, қоғам тынысы ұлт тағдырына қызмет етеді. Құндылықтарымыздың қасиетін қастерлеп, өсиетін өнеге тұтқан халқымыз осындай дүниелерге бейжай қараған емес. Бұл мәселелерді қаузап келе жатқанымызға да біршама жылдың жүзі болды. Қоғам өміріне келген оң өзгерістер айшықты жылдардың еншісінде. Мемлекет тұрғысынан көз тастайтын болсақ, рухани өмірімізге енген өзгерістің қайнар көзі Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларынан бастау алады. Елбасы мақалаларының арқалаған жүгі ауыр. Орындау қиын. Сондықтан бұл бағдарламалар тиянақты жұмыс пен үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Осы орайда сейсенбі күні М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы тапсырмаларды іске асыру мақсатында көшпелі кеңес отырысы өтті. Отырыс барысында іргелі жобалардың өңіріміздегі орындалуы туралы пайымды пікірлер айтылды. Көшпелі кеңеске аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов, Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің директоры Зарина Қуатова және бөлім басшылары мен жауапты офис менеджерлері қатысты. Кеңес отырысында сөз алған Бейсен Әлпейісов: «Кезінде талай қуғынға түскен қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлініп, қыпшақтың көсемі, арғынның көсемі, үйсіннің көсемі болып жатсақ, біздің халық азады» деп ұлтына үндеу салған еді. Біз де әр тарапқа бұра тартпай, бір мүдде жолында елім дегенде еңіреп, жұртым дегенде жұмылып қызмет етуіміз керек. Бұл біздің басты міндетіміз» – деп өз ойын білдірді. Ал жобалық офис жетекшісі Н.Алтауева көшпелі кеңесте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымызда ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің директоры Зарина Қуатова рухани жаңғыру аясында атқарылған іс-шаралардың мәні мен мазмұнын және осы бағыт бойынша облыс аудандарында жүзеге асырылып келе жатқан жобаларға кеңірек тоқталды. Отырыс соңында Зарина Қуатова алдағы уақытта ұлт болашағын арқау еткен бағдарламаны насихаттау жұмыстарына айрықша көңіл бөлу керек екендігін жеткізді.
Ақымет Қамшыбек.