ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға бола ма?
18 ViewsЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күннен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады. ЭЦҚ-ны онлайн режимде қайта шығару өте…
Қажытай Ілиясовтың есімі оқырман қауымға жазушы әрі этнограф қана емес, қазақы қағытпа қалжыңның нағыз шебері ретінде танымал. Оның айтқан сөздерін елімізге белгілі журналист Көпен Әмірбек әркез айтып жүр. Жақында Қажағаңның «Бір мылжыңға билік тисе, отыз қыртқа орын бар» деген сөзін оқыған едім. Әділ сөз. Жылы жұмсақ креслода түк бітірмей отырған бастықсымақтарға қаратып айтқан сөзі ғой Қажағаңның. Бірақ қазір ісінде береке, сөзінде ділмәр шешендігі жоқ, болмысына кеудемсоқтық біткен «қырттардың» дәурені жүріп тұрғанын іштей болса да мойындауымыз керек. Жазушы Рахымжан Отарбаевтың сөзімен айтсақ, «Ырзалықпен өмір сүрейін-ақ дейсің. Әттең, ыза қылатындар да аз емес».
Марат Диханбай.