Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара  жолы!

726 Views

 Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек , өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне  замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз  бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынады: Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың  қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап  айтты. Прагматизм. Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау , бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идиологияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынады.  Білімнің салтанатын құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар  аударды. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті.

 С.Оразалиева

«Қазақстан Заңгерлік одағы»

қоғамдық бірлестігінің

Жамбыл облыстық

филиалының мүшесі

Поделиться ссылкой: