Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
53 ViewsЖаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті.…
Қазақ тілінде жарық көргелі отырған оқу құралы «Easy Englisһ» (оңай ағылшын) деп аталады. Ол Алматыдағы «Достар медиа» баспасынан жарыққа шықты. Кітаптың авторы Ғайша Әбдіғаниқызы Мұқаш ауыл мектебінде ұстаздық еткен. Абылайхан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқып, білім алған. Кейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде дәріс берген. Ирандағы Тегеран, Ғазвин, Үндістандағы Дели, Лакнау университетінде біліктілігін арттырған. 2018 жылдан «IG center» білім порталының бас редакторы және «Asspan» балалар орталығының директоры қызметін атқарып келеді, бірнеше ғылыми мақалалар мен «Парсы тілі» оқу құралының авторы.
Автор өзінің осы кітабында ағылшын тілін үйрену мен үйретудің ең қысқа жолын ұсынады. Оқулықта тілдің грамматикалық ережелеріне сай жаттығулар мен мәтіндер кеңінен қамтылған. Кітапта екі түрлі сөздік пен өзін өзі тексеруге арналған тесттер және жүз жаттығудың жауаптары берілген. Сондай-ақ, оқулық түрлі түсті суреттермен безендірілген. Автор осы кітапты жазу барысында тіл үйрету курстарына баруға уақыты немесе қаржысы жоқ тіл үйренушілердің тілді өздігінен үйренуіне қолайлы етіп өте түсінікті жазған. Кітап үстіміздегі жылдың шілде айында жарық көрді. Оқу құралын қазірдің өзінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім бөлімдерінің методикалық кабинеттері мен мектептердің ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері «Қазпошта» бөлімшелері арқылы сатып алуда.
Иә, оқулық ағылшын тілін үйренуге бейімділік танытқан шәкірттерге таптырмас кітап. Сондықтан оқулықты алуға асығыңыздар.
Автордың байланыс
телефондары: 8707-111-24-13, 8747-785-58-32, 8701-748-50-68.