Вице-премьер Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының коронавирустың екінші толқынына дайындығын тексерді

643 Views

Жамбыл облысына жұмыс сапары ба­рысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік деле­гация денсаулық сақтау меке­ме­лерінде болып, коронавирустық ин­фек­цияның ықтимал жаңа толқынына дайын­дығын тексерді.
Таразда вице-премьер қалалық 200 тө­сектік көпбейінді ауруханасының ин­фек­циялық бөлігінде болды. Бұрынғы пери­наталдық орталықтың ғимараты күр­делі жөндеуден өтіп, барлық за­манауи стандарттарға сай келетін және ме­дициналық жабдықтармен толық қам­тамасыз етілген инфекциялық ауру­хана болып жабдықталған. Қазір­гі таңда мұнда 200 медициналық көп­функ­ционалды төсек, компьютерлік томограф, 20 ӨЖЖ, екі дефибриллятор, қандағы газдар мен электролиттерді анықтайтын автоматтандырылған анализатор, оттегі стан­циясы, 30 реанимациялық төсек сатып алынды.
– Науқасқа ӨЖЖ қажет болатын асқынулардың алдын алу және бол­дырмау қажет,-деп атап өтті вице-премьер медицина қызметкерлеріне қа­рата.
Сондай-ақ, вице-премьер облыстық көп­бейінді аурухананың жанындағы «Қамқорлық» оңалту орталығына бар­ды.
Орталық Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры әзірлеген «Қамқорлық» жобасы аясында ашылған. Жоба мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға бағыт­талған. Мұндағы балаларға кешенді түрде медициналық, әлеуметтік-психо­логиялық және педагогикалық қызмет­тер көрсетіледі.
Жергілікті бюджет есебінен ағым­дағы жылы 70 миллион теңгеге ғимарат жөндеуден өтті. Медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 1,1 миллиардқа жуық теңге бағытталған.
Орталық ДЦП-мен ауыратын бала­ларға арналған арнайы велосипедтері бар автодром және бассейнмен жаб­дықталған. Науқастар иппотерапия қабылдайды. Швейцариялық «Lokomat» тренажері сатып алынған.
Аурухана аумағында вице-премьер медициналық қызметкерлерге 18 за­манауи реаномобиль кілттерін табыс­тады. Олар облыстық жедел жәрдем станциясының паркін толықтырды.
Жамбыл ауданында Ералы Тоғжанов медициналық бұйымдарды ірі жет­кі­зу­шілерінің бірі болып саналатын «Super-pharm» ЖШС-нің зауытына бар­ды. Зауыт үдемелі индустриялық-инно­вациялық дамыту бағдарламасы ая­сында 2011 жылы пайдалануға беріл­ген. Кәсіпорынның өндірістік қуат­­тылығы жылына шамамен 200 мил­лион медициналық мақсаттағы бұйым шығаруға қауқарлы.
Өндіріс орнында 480 адам жұ­мыс істейді. Жыл соңына дейін жұмыс­шылар санын 600-ге дейін арттыру жос­парлануда. Кәсіпорын бір реттік мас­калар, бір реттік төсек-орын жап­қыш жиынтықтары, бахилалар, ком­бинезондар, бас киімдер, операциялық халат­тары секілді барлығы 300-ге жуық бұйым түрін шығарады.
Лейкопластырь, пластырь, спирттік сүл­­гілер және басқа да өнімдер шыға­ра­тын зауыттың екінші кезеңі аяқталған. Келесі жылы серіктестік бір реттік, инсулин және туберкулин шприцтерін шығаруды бастамақ.
Ералы Тоғжанов операциядан ке­йінгі таңғыштар, операцияға арналған жиын­тықтар, бір реттік маскалар, лей­ко­пластырьлер, термопластика және құрас­тыру цехтарын аралап көрді.
Вице-премьер Үкімет ағымдағы мәсе­лелерді шешу үшін отандық кәсіп­орынға жан-жақты қолдау көрсеті­летіндігін баса айтты.
Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов «Әмір және Д» ЖШС қоймалары қамтылған фар­мацевтикалық мақсаттағы өн­діріс­тік кешен құрылысымен та­ныс­ты. Мұнда экспресс-тесттер мен меди­циналық бұйымдар шығарылатын бола­ды. Жылына 15 миллион экспресс-тест, 1,5 миллион бақылау ерітіндісі және 50 мыңға жуық зарарсыздандыру ора­ма­сын шығару жоспарлануда.
Ералы Тоғжанов өндіріс желісін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қоймасын аралап, серік­тестіктің жұмысын жоғары баға­лады.
Үкімет басшысының орынбасары дәрігерлерге жанқиярлық еңбегі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша Үкімет пен дәрігерлердің алдына нақты міндеттер қойғанын атап өтті.
– Біздің міндетіміз — барлық осы тапсыр­маларды орындау. Бұл үшін дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры қалып­тасты, денсаулық сақтау меке­мелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Жамбыл облы­сының шалғай елді мекендерін сапалы меди­циналық көмекпен қамтамасыз ету үшін сегіз мобильді кешен алынды, жедел жәрдем станциясының автопаркі жаңар­тылуда. Мұның бәрі қажетті көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді, — деді ол.
Жұмыс сапарының қорытындысы облыстық әкімдіктегі бейне-байланыс ар­қылы өткен кеңесте сараланды. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев өңірде мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ел Президентінің әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауда.
– Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Медициналық меке­мелер коронавирустың ықтимал екін­ші толқынына дайындалуда. Атап айт­сақ, медициналық құрал-жабдықтар са­­тып алынуда. Дәрі-дәрмек қоры қалып­тасты. Қауіпті вируспен күресуге қо­сым­ша дәрігерлер тартылады. Мо­бильді топтардың қызметі жандана тү­суде, — деп атап өтті облыс әкімі.
Бердібек Сапарбаев денсаулық сақ­тау және білім беру салаларына қатысты мәселелерді атап өтті. Ералы Тоғжанов олардың барлығы қарастырылатынына сендірді.
– Әлеуметтік-экономикалық дамудың нәти­желері жаман емес. Жүргізілген профи­лактикалық шаралардың нәти­жесінде COVID-19 аурушаңдығы тө­мендеді. Біз осы қарқынмен жұмыс іс­теуді жалғастыруымыз керек, — деп қоры­тындылады Ералы Тоғжанов.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: