Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды.
Портал әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
Портал мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленді. Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар Портал арқылы 55 техникалық оңалту құралдарының 24 түрін және мемлекеттік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтеріне тапсырыс бере алады, ал қалған түрлеріне 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсырыс береді.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ, кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу жатады.
Порталды енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ, жеке қажеттіліктерді жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Порталды енгізу ұсынылатын ОТҚ мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, ОТҚ мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу жөніндегі пайдаланушылардың нұсқауларын сіз https://aleumet.egov.kz/ru/support сілтеме арқылы таба аласыз.
Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.
Порталдан ОТҚ мен қызметтерді таңдау үшін жеке электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу қажет. Сол себепті мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы ұсынылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың ата-аналары, 18 жастан асқан соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың қорғаншылары ағымдағы жылдың соңына дейін электронды-цифрлық қолтаңба аштыру қажет екенін ескертеміз.
Ж.Санғышова,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Ардагерлер және мүгедектермен жұмыс секторының бас маманы.