Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Коронавирус індеті маусымдық ЖРВИ және тұмау ауруларының кезеңімен қатар келу мүмкіндігіне байланысты тұрғындар арасында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту қажет. Сонымен қатар КВИ инфекциясының жұқпалы тұмау ауруынан қандай айырмашылығы бар екенін білген жөн.
Негізінен коронавирусты жедел респираторлы вирусты инфекциялар қатарына жатқызуға болады. Оның белгілері тұмауға өте ұқсас. Сондықтан екеуін ажырату оңай шаруа емес. Тұмауратқандар уақыт өткен сайын жазыла түссе, жұқпалы дертке шалдыққандардың жағдайы керісінше қиындай беруі мүмкін. Осы орайда мұрын бітеліп, жиі түшкіріп, әлсіздік байқалған адамдарды провизорлық госпитальге жатқызып, «СOVID-19»-ға сынама алу қажет.
Тұмауға шалдыққан адамның дене қызуы 38-390С градусқа дейін барады. Өзін әлсіз сезініп, мұрны бітеледі. Ал коронавирус кезінде температура қатты көтерілмейді. Әлсіздік басымырақ болады. Егер дене қызуы үш күн бойы түспей, әлсіздік ұзаққа созылып, дәм және иіс сезу қабілеті жоғалса, бұған қоса ентікпе және жөтел пайда болса, бұл коронавирустың белгілеріне жатады. Коронавирус кезінде демікпе байқалады. Дегенмен, тұмау мен коронавирустың алғашқы сатыларында олардың еш айырмашылығы жоқ деп айтса да болады.
Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары Жамбыл облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 27.10.2020 жылғы №39 қаулысында:
– Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай демалыс және мереке күндері азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының, сауда үйлерінің жұмысына тыйым салу;
– көпшілік іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени, бұқаралық іс-шаралар, форумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
– ҚР БМСД №57 қаулысына сай жеке қорғаныс құралдарын (маска) уақытында ауыстыра отырып пайдалану және кәдеге жарату алгоритмінің сақталуын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету;
– 65 жастан асқан адамдардың аса қажетті себептерсіз көшеге шықпауына кеңес беріледі;
– ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарына сай (объект персоналды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, персоналдың қолғапсыз, маскасыз жұмыс істеуіне жол берілмейді) ашық ауада және үй жайда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және т.б. адамдар көп жиналуы мүмкін іс-шаралар өткізілмей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келушілер орындарының санына сәйкес бір уақытта залда 50-ден аспайтын орындарын орната отырып шектеу керек;
– толтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтай отырып, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда мал базарларының, моншалардың, сауналардың қызметіне рұқсат беріледі;
– ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда бір келушіге кемінде 4 ш.м. қамтамасыз етіп, алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне рұқсат беріледі.
Карантин шараларын жеңілдеткенімен, біз коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайын болуымыз қажет. Сақтық шараларын ұмытпай, бетперде міндетті түрде киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және қоғамдық орындар мен адам көп шоғырланатын жерлерге бармаған жөн. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!
С.Ускенбаев,
ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.