2020 жылдың айшықты оқиғалары
1 002 Views
- Аудан бойынша республикалық және облыстық бюджет есебінен 8 мектеп күрделі жөндеуден және 6 мектеп ағымдағы жөндеуден өтті.
- Ауданның 7 елді мекенінде (Жарлысу, Әбжапар, Құмарық, Қаракемер, Алғабас, Бәйтелі, Тасшолақ) орталықтандырылған су жүйесі құрылысы және Құлан ауылындағы ауыз су ғимараты мен жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
- Биыл 4,6 шақырымды құрайтын 3 аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын және 17 елді мекеннің 91 көше жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға мұқтаж 15 отбасы үймен қамтылды.
- Тұрғындардың өтініш талаптарын бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін Т.Рысқұлов ауданында «Qulan-adaldyq alany» жобалық офисы мен Сервистік әкімдік ашылды. Сервистік әкімдікте 5 бөлім мен 2 мекеме қызмет көрсетуде.
- Мектеп оқушыларына сыныптан тыс уақытта биологиялық және экологиялық бағыттағы қосымша білім берудің әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыру мақсатында және оқушылардың туған өлке табиғатын аялау, жаратылыстану бағытында «Жас натуралистер станциясы» КММ-де жылыжай ашылды.
- Білім саласындағы әлеуметтік әріптестік аясында Өрнек ауылдық округінде 140 балаға арналған «Қарлығаш» бөбекжайы ашылды.
- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің алдына жерлес сазгер, композитор Мэлс Өзбековтың «Ғибратты әуен кітабы» ескерткіші орнатылды.
- Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдық мерейтойы қарсаңында, Абай ауылдық округінің әкімі – Арыстанбеков Мұратбек Дакенұлы облыс бойынша «Үздік ауыл әкімі» атанды.
- Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Үлгілі ауыл» өңірлік байқау қорытындысы нәтижесінде Т.Рысқұлов ауданының Абай ауылы екінші орынды еншіленіп, 4 млн. теңге сертификатымен марапатталды.
- Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдық мерейтойына орай аудан бойынша онлайн танымдық кеш, барлық ауылдық және мектеп кітапхана тақырыптық көрмелер, көрме-инсталяциялар ашылып, таныстырылымдар мен 80-ге жуық ауқымды іс-шаралар өткізілді.
- Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығы мерейтойына орай аудан көлемінде ресми шаралардың басталуы туралы кең ауқымды 20-ға жуық аудандық іс-шара өткізіліп, кеңінен насихатталды.
