Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Өтіп бара жатқан 2020 жылы елге үлкен қиыншылықтар әкелсе де, өзіндік ерекшеліктерімен есте қалатыны сөзсіз. Сонымен бірге, белгілі сарапшылар айтқандай, әлем адамзат тарихында соңғы жүз жыл ішінде болмаған экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Алайда, мемлекетіміз осындай күрделі кезеңде осы дағдарысты еңсеру үшін пәрменді бағдарлама әзірлеп, оны нәтижелі жүзеге асыруда.
Осының бір көрінісі ретінде биылғы жылы ауданда басқа салалармен бірге білім саласында атқарылған жұмыстарды айтсақ та жеткілікті ғой деп ойлаймын.
Ауданда білім саласына, оның ішінде мектептердің жөндеу жұмыстарына 2003 жылғы зілзала болған уақыттан бері мұншама қаржы бөлінген емес. 8 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 1850,9 млн.теңге, 6 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 33,0 млн.теңге, Қазақ ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінің мәжіліс залы және қосымша 2 пән кабинеті құрылысы үшін 97,4 млн.теңге, «Жас натуралистер станциясы» қосымша білім мекемесі жанынан жылыжай соғу үшін 8,9 млн.теңге, 26 мектептің санитарлық тораптарын ішке кіргізу үшін 127,0 млн.теңге, барлығы тек құрылыс, жөндеу жұмыстары үшін жалпы 2117,2 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.
Ә.Бөкейханов, Ш.Уәлиханов, Болтай батыр, Бауыржан Момышұлы атындағы, №1мектеп-лицей, Ақтоған, Ақбұлақ, № 3 орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарына заманауи құрылыс материалдары пайдаланылып, сапалы жұмыстар атқарылды. Әсіресе, «ЦентрСнабСервис», «Бірлік-Сервис», «Қаратау — Құрылыс Сервис», «Санат Тараз» сияқты мердігерлерді атап өткен дұрыс.
Бүгінде аталған білім ошақтарында оқушылар мен ұстаздар мүлдем жаңа мектепке келгендей шат-шадыман көңілді күй кешкендерін қуана жарысып айтуда.
Сонымен қатар, осы мектептердің ескірген жиһаздарын ауыстыру үшін аудандық бюджеттен 13,9млн.теңге бөлініп, қажетті тақта, парталар сатып алынды.
Қазақ ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебіне аудандағы тірек мектебі ретінде мәжіліс залы мен қосымша пән кабинеттерінің қажеттілігі көптен айтылып келе жатқан мәселе еді. Оның құны 102 млн.теңгелік жобалық сметалық құжаттары сараптамасымен дайын болатын. Міне, биыл бұл жобада іске асып, мектеп игілігіне пайдалануға берілді.
Аудандағы барлық 38 мектептің санитарлық тораптары ішке енгізілді.
Газы бар 4 елді мекендегі 3 бастауыш (Сөгеті, Көкарық, Мамайқайыңды) және Жарлысу ауылындағы интернаттың отқазандықтары газға ауыстырылды.
Жетіспейтін бейнебақылау камералары сатып алынып, орнатылды. Бұл мақсатқа келер жылы да тиісті қаржы бөлініп, білім мекемелері бейнебақылау камераларымен толықтай қамтамасыз етілетін болады.
Қорыта айтқанда, білім мекемелерін жарақтандыру бағытында аяқталғалы тұрған тышқан жылы ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың қолдауымен, қоғамдық кеңес мүшелерінің қатаң бақылауымен жүзеге асқан жоғарыда айтылған жұмыстарға ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар қауымы дән ризашылықтарын білдіруде.
Келер 2021 жылында да ауданның білім саласында жоспарланған жұмыстар ауқымды және олар міндетті түрде орындалады деген сеніміміз мол.
Назым Садықбекова,
аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы.