Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Біздің «Бай Алғабас» және «Аян» деп аталатын шаруа қожалықтарымыз өткен жылды табыспен аяқтады. Дәлірек айтқанда иелігіміздегі 2600 гектар егіс алқабындағы астықты төкпей-шашпай қырманға құйып алдық. Орташа түсім 18 центнерден айналды. 180 тонна элита тұқымды жоғары сортты бидай тұқымын «Шәушен» шаруа қожалығынан сатып алып едік, жақсы өнім берді. Оның үстіне орақ науқаны кезінде ағайынды Анатолий, Владимир, Сергей, Евгений Умнихиндер мен Еркін Сәлімбаев аянбай еңбек етті. Олар 1500 гектардан аса парды да күзде-ақ, айдап тастады. Қожалық диқандары келер жыл өнімінің берік негізін қалап қойды деп нық сеніммен айта аламын.
Қожалық мал бордақылау кешенін салуды аяқтады. Осы мал бордақылау алаңы маңынан 40 гектар жерге жоңышқа ектік. Оны екі рет орып алып, 7 мың түк көк жоңышқа орып, жинап алдық. Енді қыс бойы елушақты жылқы бордақыладық. Кешен ауылға жақын тұста болған соң, ол жерде монша салуды қолға алдым.
Депутат болған соң халықтың аманатын да қатар алып жүремін ғой. Құмарық пен Бай Алғабас ауылдарына ауыз су мен ағын суды да әкелдік. Құмарыққа алты шақырым жерден тау суын тарттық. «Құмарық-тау» өндірістік кооперативіне де қол ұшын беріп, көмектесіп тұрамын. Елдегі індет кезінде ауылдағы жағдайы төмен деген отбасыларға қаражат жағынан көмектесіп отырдым. Әсіресіе, ауылдағы әлеуметтік нысандарға көмек беруді назардан тыс қалдырмаймын. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарса деймін. Өйткені ауыл біздің бәріміздің алтын бесігіміз ғой.
Міне Жаңа 2021 жыл да табалдырығымыздан аттағалы тұр. Бәрілеріңізге жаңа жылда жаңа табыс тілеймін!
А.Қораласбаев,
аудандық мәслихаттың депутаты,
Құмарық ауылдық округі.