Жарайсың, Ақжарқын!

685 Views

Ақжарқын Оразбай Жақсылық ауылындағы Қызылпан Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектептің түлегі. Оқушы кезінде үздіктердің үздігі болған ол телегей білімінің арқасында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқықтану институтының құқық­тану мамандығына оқуға түскен.
Ақжарқын Нұрлыбекқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің де білімді әрі зейінді студенті. Ол қазір 4 курс та оқып жүр, яғни биыл жерлесіміз бакалавриатты тәмамдайды.
Жақында жерлесіміздің есімі «Жас қыран» республикалық талантты студенттер­­дің IV кітабының жинағына енді. Бұған тек оқуда озат болған студенттер енетінін ес­кер­ген абзал. Ақжарқын Оразбайдың есімі мыңның ішінен дараланып, осы кітапқа еніп отыр. Бұл оның ізденімпаздылығын, білгірлігін айшықтаса керек.
Ақжарқынның оқушы кезінде көптеген аудандық, облыстық, тіпті, республика­лық байқаулардың жүлдегері болғанын сөз басында жаздық. Сөзіміз дәлелді болу үшін соның бірді-екілісін мысал етсек дейміз. Мәселен, ол 2016 жылы «Деструктивті діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері» атты аудандық байқауда жүлделі II орын иеге­рі атанған. 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Туған ел тірегі – білімді ұрпақ» атты байқауда ол жазған шығарма қазылар алқасының тарапынан жоғары бағаланды. Ақжарқын сол кездің өзінде-ақ болашағынан үлкен үміт күттіретін дарын иесі екенін ұқтырған болатын.
Сыншы, журналист Сағат Әшімбаевтың «Тайбурылда тайдан өскен» деген ұлағат­ты сөзі бар. Ақжарқын Оразбайдың оқушы кезінен жеткен жетістіктері мен бағындырған белестерін бағамдай отырып, менің көкейіме бірден осы сөз оралды. Бәрекелді дестік. Оқуға келгенде, өзгелерден оқшау көрініп тұратын Ақжарқынды әлі талай биік шыңдардан көретініміз анық.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: