Депутаттарға куәлік пен төсбелгі табысталды

645 Views

Өткен жұмада жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаттарына салтанатты түрде куәлік пен төсбелгі табысталды. Айта кету керек, шарапаты мол іс-шараға халық қалаулыларынан бөлек аудан басшысы да қатысты.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 14 қаңтарындағы №4 шешіміне сәйкес, жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың құрамына 14 депутат енген. Олардың қатарында ауылшаруашылығы, білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік сынды салалардың мамандары бар. Сондай-ақ, кезекті рет шақырылған халық қалаулыларының қатарына әйелдер де, жастар да қосылған. Тілге тиек ете кетейік, аудандық мәслихаттың ең жас депутаты — 27 жаста. Аталмыш мәліметтердің бар­лығын өз баяндамасында аудандық аумақтық сайлау комис­сиясының төрағасы Манарбек Тілепов мәлімдеді. Ізінен комиссия төрағасы халық қалаулыларына куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті.
Салтанатты рәсімнен кейін сессия төрағасы Қанатбек Арыстан­бековтың ұсынысы бойынша аудандық мәсли­хат­тың хатшылығына Ербол Әбутәліповтің кандидатурасы ұсынылды. Өз кезегінде халық қалаулылары сессия төрағасының ұсынысын бірауыздан қолдап, Ербол Абақұлын мәслихат хатшысы ретінде сайлады.
Жиын соңында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов та сөз сөйлеп, Тұрсынхан Жаманбаев бастаған депутаттар құрамына өз алғысын жеткізді. Сонымен қатар, жаңадан сайланған депутаттарға сәттілік тілеп, үлкен сенім білдірді.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: