Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету» бойынша ағымдағы жылы кәсіби даярлау оқуына 50 адам оқыту жоспарланып, 9261,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бөлінген қаражат толығымен игерілді. Ағымдағы жылы 50 адам «экскаватор-операторы», самосвал жүргізушісі, тігінші және аспазшы мамандықтарына оқуға жіберілді. Оқуын аяқтаған 50 азаматтың барлығы тұрақты жұмысқа орналасты.
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында биылғы жылға аудан бойынша Республикалық бюджеттен инфрақұрылымдық 75 жобаларға 3 миллиард 248 млн.600 мың теңге қаражат бөлінді. Жалпы 75 жоба бойынша ашылатын 1082 жұмыс орнының 1086 жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамту интеграциялық жол картасына енгізілді. Сонымен қатар жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасуға белгіленген 535 азаматтың 571 азаматы жұмысқа орналастырылып, жоспар 107,0 пайызға орындалды.
Бағдарламаның ІІ бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 240 азаматқа 836,2 млн. теңге несие беру, кәсіпкерлік негіздері бойынша 120 азаматты оқыту жоспарланып, «Бастау-Бизнес» жобасымен аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы 239 адам оқытылды. Тараз қаласындағы ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры микрокредиттік ұйымы және кредиттік серіктестіктер арқылы 292 адам 1045385,0 мың теңге шағын несие алды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 502 азаматқа 271012,2 мың теңге мемлекеттік грант берілді.
Бағдарламаның ІІІ бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша ағымдағы жылы Жастар практикасымен 80 жас түлектерді жұмысқа жіберу жоспарланып, бүгінгі күнге 58 жұмыс берушілерден жұмыс орындарына өтінімдер жинақталып, 110 адам жұмысқа жіберілді. Жастар практикасына бөлінген 27436,0 мың теңге қаражат толығымен игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 азаматқа 12675,0 мың теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 83 азамат жұмысқа жолданды. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.
Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 396994,0 мың теңге қаражат бөлініп, 1150 азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарланып, бүгінгі күнге 1424 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.
Тұрақты жұмысқа кеткендер саны 1662 азамат.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша 1365 отбасына беріледі деп жоспарланып, бүгінгі күнге 1534 отбасынан өтініштер қабылданды.
Сонымен қатар бағдарлама бағыттары жөнінде халыққа кеңінен түсінікті болу мақсатында бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы жергілікті газет бетінде 33 мақала жарық көрді және «77 news» каналынан 2 видеоролик, 3 жәрмеңке өткізілді.
С.Құлманов,
аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры.