Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Бірер жылдар бұрын теледидардан елімізге белгілі әнші Майра Ілиясованың ұйымдастыруымен өтетін «Сағындырған әндер-ай!» атты ретроконцерт үзбей көрсетіліп тұратын. Меніңше, сол концертті экраннан көрмеген қазақ көрермені аз шығар. Неге олай? Өйткені, «Сағындырған әндер-айда» шырқалатын әуезді әндер халықтың көкейінде жатталып, жүрек төрінен әлдеқашан орын алып қойған. Әнге жазылған сөздерді айтсаңызшы шіркін! Ал қазір ше? Не әнін, не сөзін түсінбейсің. Әйтеуір «қырып-жойып» ізденіп жатқандай, бәрі жаңашыл. Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» киносында кейіпкердің өз балаларына «Не десеңдер, о деңдер. Шын мәніндегі музыка ұлттық ән-би, халықтың өнері. Консерваторияда оқып жүріп оны білмеу – ұят» деп айтатыны бар емес пе? Шәкен аға кино сценарийге сөз жазғанда, түбінде осындай боларын білген де шығар, бәлкім. Кім білсін?! Қалай десеңізде, ұлылық қой нағыз.
Өткен жұмада аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері жоғарыда сөз өткен ойымызды құптағандай болып, «Сағындырған әндер-ай!» деген тақырыппен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ретроконцерт кешін ұйымдастырды. Бірден айта кеткеніміз жөн, ретроконцертте орындалған әндер жанды дауыста шырқалды. Алғаш болып сахнада өнер көрсеткен Ерболат Құлышев, Тұңғышбай Сәдуақас, Тұрсын Мыржақыпов үштігінен құралған «Достар» триосы Досым Сүлеевтің әні «Махаббат мұңын» нәшіне келтіре орындады. Содан соң аудандық мәдениет үйінің орындау шеберлігі жоғары тісқаққан әншілері Рысбек Қадырқұлов пен Айша Жүнісова Исрайл Сапарбаевтың әні мен сөзіне жазылған «Сағыныш» әнін тамылжыта шырқады. Қос әншінің орындау мәнеріне «Браво!» дедік. Алдымен триода ән салған Ерболат Құлышев кейіннен Ескендір Хасанғалиевтің «Сағындым сені» әнін сахнаға жеке шығып орындаса, дауысы алты қырдан естілетін кең диапазонды жас талант Аружан Оразалы Гүлнұр Өмірбаеваның «Қыздар, қыздар, ару қыздар!» әнін тіпті керемет орындады. Концерт аудандық мәдениет үйінің белді әншісі Нұрлан Әмірбетовтің әнімен аяқталды. Ол «Сұлутөр» вокалды аспапты ансамблдің сүйемелдеуімен композитор әрі әнші Жеңіс Сейдоллаұлының «Алматым – алтын бесігім» әнін жанды дауыста шырқады. Осылайша «Сағындырған әндер-айдан» есті әндерді тыңдап, көңіл серпіліп, ерекше шабытты әсер алып қайттық.
Марат Диханбай.