ДЕПУТАТТАР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

595 Views

Соңғы өткен сайлау науқаны ерекше форматта өткені бар­шамызға белгілі. Дәл осы жолы аталмыш саяси додаға нәзік жандылар мен жалынды жас­тар көптеп тартылды. Соның нәтижесінде аудан­дық мәслихаттың депутаттар корпусына Нұрлан Беркімбаев, Дәурен Әбдікерім, Бибіжамал Жәдіко­ва сынды жастар қосылды.
Аты аталған халық қалаулылары сәрсенбі күні аудан жастарымен кездесті. Айта кету керек, ілкім­ді іс-шараға «Жан жылуы» қайырымдылық қорының жетекшісі Жәнібек Жүсіпов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ринат Сартаев, жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Сарсеханұлы және аталмыш орталықтың қызметкерлері мен ерікті жастар қатысты.
Жиын барысында жастарға арналған сан түрлі стартап-жобаларды іске асыру, ауылшаруашылығы саласына аталмыш буын өкілдерін көптеп тарту, оларды кәсіпкерлікке баулу және қайтарымсыз гранттармен қамтамасыз ету сынды мәселелер қозғалды. Жиында «Жан жылуы» қайырымдылық қорының жетекшісі Жәнібек Жалғасұлы да сөз сөйлеп, өткен жылы атқарылған жұмыстарды тізбектеді. Өз сөзінің соңында қайырылымдық жасау ізгі қасиеттердің бірі екеніне тоқталып, жақсылық жасап жарысуға шақырды. Сонымен қатар, еркін форматта өрбіген кездесуде депуттаттар әрдайым жастарды қолдауға әзір екендіктерін де жеткізді.
Жүздесу соңында халық қалаулылары келесі жолы елді мекендерді аралап, жастармен көптеп кездесіп тұруға уағдаласты.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: