«GOLDEN COMPASS CAPITAL» 539 кг өнім өндірді

551 Views

Ауданымызда кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы жылдан жылға қарыштап дамып келе жатқаны белгілі. Осы бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та бірқатар тапсырмалар жүктеп, кәсіпкерлік саласын дамытуға, оның кеңінен қанат жаюына мүмкіндік жасау керек екендігін атап өткен еді. Жүктелген міндеттерді толық атқару барысында ауданымыз былтыр оң нәтиже көрсетті. Кәсіпкерлік кемеліне келіп, өнеркәсіп өркен жайды. Атап айтар болсақ, «GOLDEN COMPASS CAPITAL» алтын өндіру кәсіпорны 9,1 млрд. теңгеге 539 кг өнім өндірді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда, едәуір жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің «мал азығына ұсақталған құрама жем дайындау» зауыты 756,5 млн. теңгеге 5691 тонна қоспа жем өндірді. Аудан халқы үшін бұл толайым тірлік пен жүйелі жұмыстың нәтижесі.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: