Тұрғын үй мәселесі тұралап қалмады

464 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталған еді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі ауданымызда көз қуантады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында аудандағы бірқатар отбасылар үйлі болды. Аталған жоба аясында құрылысы жоспарланған 16 үйдің 14-і салынды. 2 үйдің (Көкдөнен, Көгершін) құрылыс жұмыстары 2021 жылға қалдырылды. Әлемді шарпыған індеттің кең етек жайып жатқан кезеңінде осындай жобаны қолға алу – іскерлік пен жанашырлықтың белгісі. Баспаналы болған отбасылардың көз қуанышын көріп, жүрек елжіремеске де болмады. Сондай-ақ, 2020 жылы Құлан ауылының «Арай» тұрғын алқабында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 650 шаршы метр жер телімі берілді. Қазір ол аймақта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұйырса, тұрғын үй мәселесінде тағы бір жанға жайлы хабардың нышаны байқалады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: