Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
15 ақпан, яғни кеше Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толды. Осынау айтулы датаға орай аудан әкімі Ерболат Садырқұлов кеше бір топ Ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, оларға мақтау грамотасын табыс етті. Өз сөзінде аудан басшысы 10 жылға созылған Ауған соғысының елімізге тигізген зардабын, майдан шебінде қаншама жауынгер отандастарымыздың жан тәсілім еткенін айтып, ынтымақ пен татулық бар жерде ғана тірлік алға басатынын жеткізді.
– Өз басым сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бүгінгі жас буынға үлкен рухани күш жігер сыйлайды деп ойлаймын. Неге десеңіздер, әрбір елдің болашағы жастар екені сіз бен бізге мәлім. Ал жастарымыздың жігері мықты болуы үшін сіздер секілді намысшыл азаматтардың ерліктерін біз ұдайы айтып отыруымыз қажет.Біздің ата-бабаларымыз ұлтарақтай жер үшін намысты нанға сатпаған. Оны көне тарихтан жақсы білеміз. Сіздер де қазақы намысты ұқтырдыңыздар. Біз сіздерді әрдайым мақтан тұтамыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді.
Содан соң аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, аудандық Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Ерлік Шабеев сөз сөйледі. «Ерболат Салқынбекұлы, бізді қабылдап, айтулы датамен құттықтап, мерейімізді өсіргеніңізге рахмет. Бұл күнді біз жыл сайын жоғары деңгейде атап өтетінбіз. Алайда, елімізде ғана емес, әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты аудандағы Ауған соғысының ардагерлері халыққа үлгі болайық деп көптеп жиналмауға уағдаластық. Себебі, аға буын болып біздер үлгі болмасақ, ерлігімізге сын емес пе? Мен де өз тарапымнан Ауған соғысы ардагерлерінің отбасына береке, жұмысына табыс тілеймін» деді ол. Кездесу соңында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов Ауған соғысы ардагерлерімен бірге естелік суретке түсті.
Дәл осы күні олар Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткіш аллеясына гүл шоқтарын қойды.
Марат Диханбай.