Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Өткен аптаның жұмасында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен шағын жиын өтті.
Аталмыш жиынға аудандық прокуратураның прокуроры Динара Айтбек, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Айдын Мамытбеков, халықты жұмыспен қамту орталығының заңгері Жаннұр Серікұлы және жеке сот орындаушылар Сая Самыратпаева, Айдана Асан, Нұрғиса Асубаев сынды білікті мамандар қатысты.
Жиын барысында прокурор Динара Балғабекқызы Бас прокуратураның бастамасымен 2020 жылғы 11 желтоқсанда Жоғарғы Сот «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 нормативтік қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін мәлімдеп, оларды жауапты мамандармен бірге талқылады. Күшейтілген заң талаптарын түсіндіргеннен кейін прокурор борышкерлерді жұмыспен қамту жұмыстарына бей-жай қарамау керек екендігін ескертті. Осы бағыт бойынша жоспарлы түрде жұмыс жасап, бірлесе қызмет атқаруға шақырды.
Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында жұмыс кезінде кездесетін қиындықтар мен келеңсіздіктерді шешу, борышкерлерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, алимент төлемдерін қасақана орындамайтын борышкерлердің тізімін жасау, оларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері қаралды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.