Мектебімізде мұражай ашылды

663 Views

Шіркін, қазақтың даласында табиғаты көркем жерлер көп. Ауданымыздан шалғай жатқан Қайыңды ауылдық округіндегі Мақпал тауы сол табиғаты сұлу мекендердің бірі деп айтсақ, қателеспейміз. Жуырда аталмыш тауға барған кезде оған анық көзіміз жетті. Бекерден-бекер Қайыңды деп аталынбапты. Тау басында қайың ағаштары көптеп өскен екен. Швейцариядан ешбір кем емес.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қорағаты орта мектебінде мұражай ашылды.
Мұражайдың ашылу рәсімінде мектеп директоры Бақытжан Сүлейманов сөз сөйлеп, мектебімізде алғаш рет мұражай ашылып отырғанын, бұл бала тәрбиесінде, ұлт мәселесінде үлкен орын алатынын айта келе, демеушілік жасаған Бақыт Көкебаев ағамызға алғысын білдірді.
Тарихта өткенді білмей, келешекке қадам жасау қиын дейді. Біздің өз ата-бабаларымыздың осы Қорағаты ауылын қалай құрғанын, қалай ауыр да қиын кезеңде қызмет қылғанын, осы күндерді армандап, жас ұрпақ үшін аянбай еңбек еткенін мұражайды аралап жүріп сезінесіз.
Ауылымыздың тарихы 1927 жылғы Түркісіб теміржолының құрылысынан басталады. Сол құрылыста еңбек еткен Әлімқұл Итбаев атамыз қажырлы еңбегі үшін ең жоғарғы награда «Ленин» орденімен марапатталған. Мұражайға атамыздың құжаттары қойылған.
1954 жылы Тың игеруге келген жастардың ескі суреттері көптеген оқиғалардан сыр шертеді. Совхоз директоры Н.Хаймовичтің өз қолымен жазған хаттары алғашқы ауылдың өмір тіршілігін суреттеген.
Мұражайда теміржолшылар, малшылар, механизаторлар, қызметкерлер, батыр аналар, Еңбек ерлері, Ауған соғысының қатысушылары, Желтоқсан көтерілісінің куәгерлері, ауылдың белгілі азаматтары, мектепті жақсы бітірген түлектерінің суреттері ілінген. Көне суреттердің арасында малды ауылды аралап жүрген журналист ағамыз Сейсен Қожекенің де суреттері бар.
Мұражайға көптеген экспонаттар қойылған. Соның ішінде орден және медальдар, мақтау қағаздары, көне тұтынған заттар, ат әбзелдері, көне самаурындар, диірмен, келі-келсап және тағы басқа да заттар менмұндалап тұр. Сондай-ақ, мұражайға Мұсабек Сүлейманов өз әкесінің 1932 жылғы латын графикасымен жазылған еңбек кітапшасын әкелді. Ділдехан Шонатаева апамыз өзінің енесінен қалған көне сандықты сыйлады. Мұражай әлі де болса, мұрағат заттармен толыға береді деп үміттенеміз.

Жорабек Ануарбекұлы,
Қорағаты орта мектебінің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары.

Поделиться ссылкой: