Төтенше жағдай тұрақтылықты талап етеді

646 Views

Сейсенбі күні аудандық «Сұлутөр» кинотеатрының ғимаратында заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу жиыны өтті. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Е.Ақылбековтің төрағалығымен болған жиынға аудандық Төтенше жағдай бөлімі мен Құлан ауылы №10 ӨСБ қызметкерлерінің жеке құрамы қатысты.
Кездесу барысында қоғамда орын алып жатқан түрлі төтенше жағдай мәселелері қарастырылып, өткен жылғы іс-шаралардың қорытынды есебі баяндалды. Ең алғаш аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жандар Сейтімбетов пен аудандық №10 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрболат Қадырханов 2020 жылы атқарылған ілкімді істер туралы сөз қозғап, аудандағы төтенше жағдай мәселесі тұрақты екенін жеткізді. Бұдан кейін сөз алған облыстық ТЖД ЖҚИ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Әділхан Қалханов 2020 жылдың қорытындысы бойынша азаматтық қорғау бөлімшелеріндегі тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне қысқаша шолу жасады. Ал «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы Мереке Айнақұлов Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заңының талаптарын сақтау туралы баяндама жасап, өз пікірін ортаға салды.
Жол ережесін сақтау – кез келген адамның өмірінің кепілі. Бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып тұр. Осы жайттар бойынша аудандық ПБ өкілі, патрульдік полиция аға лейтенанты Береке Темірәлі баяндап, соңғы уақытта жол жүру ережесіне байланысты енгізілген өзгерістеріне аз-кем тоқталды.
Ал облыстық әкімдіктің ақпараттық дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Нұрлан Төленді діни экстремизм мен терроризм мәселесі бойынша өз ойын білдірді. Сондай-ақ, облыс пен аудандағы діни ахуалдың мән-жайы, тыйым салынған діни экстремистік топтар туралы айтып, тың ақпараттармен бөлісті.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: