750 Views
«Ақын болсаң қыздырып айт, қызықтырып айт, жылатып айт, күлдіріп айт, күйдіріп айт! Жел ессін, дария шалқысын, ой ойнақшысын! Қанжардай қадал, оқтай ат, ескілік дүниесі қансырап қалсын! Бүгежектеме, бұқпантайлама, заман жастарын бұқтырмай өсір, арқаланып өссін.Теңдікке еншілес – бірлікке де еншілес, ерлікке еншілес – елдікке де еншілес. Жамбыл жырларының рухы осындай ғой» деп айтыпты заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов. Жамбыл жыраудың тұлғалық болмысын қалай биіктетіп тұрған құдіретті сөз. Қандай ғажап теңеу. Кейбір тырнақ астынан кір іздеп, аяқтан шалатын ағасымақтарды көрген сәтте Ғабаңның осы сөзін еске түсіріп, жігерленіп алатын сәттер жиі болып тұрады. Қазіргі таңда осындай кесек сөз айтатын адам аз. Тілеулестен гөрі пәлеқорлар көбейді. Адамдар бір-бірін қадірлеуден қалып бара ма өзі, қалай?..
Жолдасбектің Мараты.
Поделиться ссылкой: