Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ – ХАЛЫҚ КӨП ШОҒЫРЛАНҒАН ЖЕРЛЕРДЕ КАРАНТИНДІК НҰСҚАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ. АЛ ЕГЕР ДЕ ТАЛАПТАР ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ТИІСТІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ ДА АТАЛМЫШ ТОПТЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІНІҢ БІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Жасыратын несі бар, осы күнге дейін сан мәрте сынға алынған аудандық мониторингтік топтың тізгінін аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев ұстағалы бері қайта жанданғандай әсер қалдырады. Оны аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына көз жүгіртіп, анық аңғаруға болады.
Бүгінде Әлібек Мамытжанұлының бастамасымен бірқатар білім ошақтарында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осы күнге дейін аудан әкімінің орынбасары Ә.Бөкейханов, Ш.Уәлиханов, М.Горький, Болтай батыр, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Қ.Сұлтанбеков, Ақбұлақ, Ақтоған, Малдыбай, Құлан, №5 шағын орталықты орта мектептерін, Т.Рысқұлов атындағы және №1 мектеп-лицейлері мен Ю.Гагарин атындағы негізгі мектептеріне арнайы барып, санитарлық талаптардың орындалуын бақылаған болатын. Аудан басшысының орынбасары тексеру барысында орын алған кемшіліктерді атап өтіп, дереу ретке келтіруді тапсырды.
Жалпы мектептерде медициналық бетперде мен қорғаныс құралдарын пайдалану – күнделікті әдетке айналып үлгергені байқалады. Дейтұрғанымен, кейбір қоғамдық орындарда бұл ережеге бей-жай, үстіртін қарайтындар да баршылық. Медициналық қорғаныс құралдарын пайдалану – бүгінгі күннің басты талабы екенін, өкінішке орай, әлі де түсінбей келеміз. Аталған қарапайым қағида індеттің көзін жоюға, адам өмірін өлімнен арашалап алуға өз септігін тигізеді.
Иә, әлемді жайлаған тәжвирустың адам өміріне төндіретін қауіпі өте зор. Бірақ соған қарамастан аудан аумағында той-томалақтар, шағын басқосулар мен жиындар азаймай тұр. Осыған байланысты ақпан айында аудан әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаевтың жетекшілігімен мониторингтік топ аудандағы «Ақ босаға», «Шаңырақ», «Жекен», «Наурыз» және «Жұмабек» мейрамханаларында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмағандығын анықтады. Мониторингтік топ тарапынан жиналған адамдар дереу тарқатылып, мейрамхана иелеріне хаттама толтырылды. Кейіннен аталмыш хаттама тиісті мемлекеттік мекемелерге жолданды.
Әдеттегідей, мобильді топ мүшелері індеттен сақтану шараларын халыққа кеңінен насихаттайтын болады. Бұл баянды бастама халық денсаулығын сақтау үшін жасалған маңызды қадам. Дегенмен, біз өз өміріміз өз қолымызда екенін жіті түсінуіміз қажет. Сонда ғана біз аты жаман індетті ауыздықтай аламыз. Сондықтан да, барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл – баршаға ортақ міндет деп біліңіз.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.