Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасына қосылған бірден-бір ұсынысы – Канададағы «Canada Service» және Австралиядағы «Centrelink» үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің біріңғай провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру. Осылайша, 2016 жылы қызметтері жаңадан құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының негізінде елімізде мемлекеттік қызметтердің біріңғай провайдері ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қоғамның барлық органдары құрылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімінде 698 қызметтің 674 түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі. Аталмыш корпорацияның Жамбыл облысы бойынша филиалы Тұрар Рысқұлов аудандық «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінде 2020 жылы 40341 өтініш қабылданып, 44786 құжат берілді.Шалғай елді мекен халқына қызмет көрсету мақсатында құрылған «Жылжымалы ХҚК» арқылы 120 операция жүзеге асырылып, 3105 өтініш қабылданды. Былтыр электронды түрде қызмет алуға насихаттау жұмыстары жүргізіліп, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторы арқылы 94854 қызмет көрсетілген. 2020 жылдың қазан айынан бастап QR төлемі іске қосылды. Бұл дегеніміз Халық банк, Сбербанк, АТФ банктерінің карталары, Kaspi.kz және Актив абонентінің қолданушылары құжат өткізу барысында QR арқылы төлем жасай алады. Сондай-ақ, осу жылы «Egov mobail» қызметі қолданысқа енді. Тұтынушылар «Egov mobail» арқылы ұялы телефондарын тіркеп қажетті анықтамаларына қол жеткізе алады. 2020 жылы бірқатар мемлекеттік қызметтер түрлері оңтайландырылып, халық назарына ұсынылған.
Н.Бықыбаев,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының
аудандық «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінің басшысы.