Келелі жиын өтті
21 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Жуырда Максим Горький атындағы орта мектебінде «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында мектепішілік жас мамандар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын көтеру сондай-ақ, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіру болып табылады. Байқаудың ережесі бойынша байқауға 1-3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 8 педагог қатысты. Байқау 6 кезеңнен тұрды.
Атап айтар болсақ, «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу, «Бақыттың жолын білім ашар» тақырыбында жас педагогтар пән бойынша 20 сұрақ, педагогика мен психологиядан 10 сұрақ, жалпы саны 30 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Байқаудың үшінші кезеңінде жас мұғалімдер өзін-өзі таныстырды. Сондай-ақ, күнтізбелік жоспарға сай ашық сабақтар, «Асыл тастан – өнер жастан шығады» тақырыбында өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың соңғы алтыншы кезеңі қызықты сұрақтар сайысы болып, жас мамандарымыз педагогикалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырды. «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында өткізілген мектепішілік жас мамандар байқауын әділ қазылар қорытындылай келе, бас жүлдені математика пәнінің мұғалімі Д.Ерболқызына, І орынды орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Сарсебаеваға, ІІ орынды бастауыш сынып мұғалімі Р.Ахметбековаға, ІІІ орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.Серікқызы мен орыс тілі пәнінің мұғалімі Р.Аденоваларға беруді ұйғарды. «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.Наметова, «Өнерлі ұстаз» номинациясымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Амантаева, «Білімді ұстаз» номинациясымен информатика пәнінің мұғалімі Ұ.Тілеумбетова марапатталды.
Н.Түлендиева,
М.Горький атындағы орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.