Жамбыл облысы «сары» аймаққа өтті

465 Views

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия «COVID-19» індетіне қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Оған сәйкес, бұған дейін «жасыл» аймақта тұрған Жамбыл облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймаққа өткен.
«Сары» аймақта Жамбыл облысынан бөлек, Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары бар. «Жасыл» аймақта үш өңір ғана қалды. Олар Қостанай, Шығыс Қазақстан және Түркістан облысы. Ал алты облыс пен еліміздің екі ірі қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелген еді. Мәселен, 10 сәуір күні 2842 адамнан «COVID-19» инфекциясы анықталған. Олардың 49-ы Жамбыл облысынан.

Поделиться ссылкой: