Тіл – арың, дін – жаның

599 Views

Өткен аптада аудандық «Сұлутөр» кинотеатрында орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп Джадраевпен кездесу өтті. Аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен болған іс-шараға ауданның өнерпаздары мен БАҚ өкілдері қатысты. Рамазан айы қарсаңында өткен кездесудің маңызы да, мәні де өте зор, себебі қасиетті айда ораза ұстайтын жандар арасында бірқатар сауалдардың болатыны жасырын емес. Оның жауабын кейде жақын адамдардан, ал кейде интернет көздерінен тауып жатамыз. Әйтсе де, осындай мәселелерге келгенде имамдардан сұрап, мәнісін білген орынды. Осы мақсатта өткен іс-шарада аудандық орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп Джадраевқа қатысушылар өздерінің дінге байланысты көңілін күпті етіп жүрген сауалдарын қойды. Сұлтаншәріп Джадраев та қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, өзінің ойын еркін білдірді. Айта кетейік, бұл іс-шара коронавирус індетінің кеңінен жайылып жатқанына байланысты карантиндік талаптарды сақтай отырып жүргізілді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: