Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Дін – еліміздегі ең өзекті де күрделі салалардың бірі. Бір сәт тасадан тыс қалдырсаң болды, істің арты насырға шабуы әбден мүмкін. Сондықтан да бұл салаға жіті назар аударып, ұдайы көңіл бөліп отырған абзал. Осыған сәйкес жуырда аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледжінде мектеп мұғалімдеріне және әрбір округтегі ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналып арнайы семинар өткізілді. Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – өскелең ұрпақ пен аға буын өкілдеріне жат ағым жарға жығатынын толықтай түсіндіру.
Аталмыш семинарға спикер ретінде дін саласының мамандары қатысты. Атап айтар болсақ, республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Тараз қаласының «Әзірет-Әли» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы Алмас Құлымбетов, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Т.Рысқұлов ауданы бойынша инспекторы Нұрсұлтан Шәмшіхан және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернұр Мадияров қатысты.
Іс-шара барысында дін төңірегіндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Әсіресе, еліміздің қоғамдық-әлеуметтік өміріне жат ағымның дендеп еніп кетпеуіне тосқауыл болатын жолдар көрсетілді. Ол туралы жиында аймаққа белгілі дінтанушы, «Әзірет-Әли» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов шет елдік тәжірибелерді мысал ретінде келтіре отырып, толықтай түсіндірді. Ал облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Алмас Құлымбетов болса, 130-дан астам этнос өкілдері мекендеген елімізде олардың салт-дәстүріне, наным-сенімдеріне, дініне шектеу қойылмайтынын айта келе, жат ағымды ажыратуды әр адам мықтап меңгеру керектігін айтты. Ол үшін әрбір адам діни сауатты, білімді болғаны дұрыс деп есептейтінін жеткізді.
Соңғы кездері елімізде дін қағидаларына қарсы түсінік қалыптастыратын ағым өкілдері ғаламтор арқылы да іске көшіп, насихаттау жұмыстарын сонда жүргізіп жүрген көрінеді. Бұл туралы жиында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Т.Рысқұлов ауданы бойынша инспекторы Нұрсұлтан Шәмшіхан мәлімдеді. Маманның айтуы бойынша арнайы мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде, ауданымыздың 260-тан астам тұрғыны әлеуметтік желідегі дін парақшаларына тіркеліпті. Алдағы уақытта оларды теріс түсінік беретін күмәнді парақшалардан шығару жұмыстарын жүргізу керектігін алға тартты.
Жиын барысында арнайы келген қонақтарға мұғалімдерден және ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері тараптарынан сұрақ қойылып, тиісті деңгейде жауап қайтарылды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.