Індеттің алдын алудың бірден бір жолы – екпе егу

525 Views

2021 жылдың 22 сәуірінде Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-минситрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцина­сының екінші дозасын сал­дыр­ды. Вице-министрлер вакцина­ның бірінші, екінші дозасын да Нұр-Сұлтандағы №6 қала­лық емханада салдырды. Е.Қиясов пен А.Ғиният өз­дерін жақсы сезінетін­дерін жеткізді. Вакцина алгоритмі бойынша олар 30 минут медицина­лық бақылауда бол­ды. ҚР Бас санитарлық дәрі­гері Ерлан Қиясов екі доза­лы вакцинаның толық курсын алғаннан кейін, ол өзін коронавирус инфекциясынан толық қорғалғанын атап өтті. Ол профилактикалық егудің мақсаты ұжымдық иммунитет қалыптастыру екенін еске салды.
Бүгінде «COVID-19» қар­сы вакцинация қауіпті инфекциямен күресудің жал­ғыз тиімді әдісі және қатаң шектеулердің баламасы болып табылады. Ерлан Қиясов елімізде вакцинация жоспарланған кесте бойынша жүргізіліп жатқанына назар аударды, өңірлерде «Спутник V» вкцинасының екін­ші дозасы қолжетімді, оның өндірісі Қараған­ды фармацевтикалық зауыты­ның базасында жолға қойыл­ған. Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау вице-министрлері 2021 жылдың 1 ақпанында «Спутник V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып қабылдады. Вакцинаның бірін­ші партиясы Қазақстан Рес­пуб­лика­сына Ресей Федерация­сынан 2021 жылғы 31 қаңтарда келді. Қажетті рәсім­дер­ді өткізгеннен кейін жүк Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент және Ақтөбе қала­ларын­да орналас­қан «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының ірі хабтарына бөлінді. Әрі қарай вак­ци­на аймақтарға жеткізілді.
21 ақпанындағы жағдай бойын­ша Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын 19764 медицина қызметкері алды. Жағымсыз реак­ция анықталған жоқ. Қазір вакцина өндірісі Қарағанды фармацев­тика­лық кешенінің базасын­да жолға қойылған: ақ­панда – 90 мың доза, наурыз­да – 150 мың доза, сәуір­­ден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаға жетеді. Ал­дын ала мәліметтер бойынша, «Спутник V» вакцинасының тиімділігі шамамен 96% құрайды.
2020 жыл­дың 24 желтоқ­санынан 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін вакцина Н.Ф.Гамалея орталығында сапа бойынша бақылаудан өтті. 2021 жыл­дың 12 ақпанында ресейлік вакцина ҚР аумағында тіркелді. Бірін­ші кезеңде медицна қызметкерлері, жұқпалы аурулар ауруханаларының қызмет­кер­лері, жедел медициналық көмек мамандары вакцина салдырды. Екінші кезеңде-наурыз айынан бастап-күш құрылымдарының қызметкерлері, педагогтар, сәуір­ден бастап-студенттер және мамырдан бастап қалған контингент­тер қамтылады.
Вакцина­ны ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала ала­ды. Вакцинация егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға рұқсат етілген. Вакцина­ция ал­дын­да дәрі­гер пациент­ті міндетті түрде тексереді. Адам егу алдында вакцина жайлы толық хабардар етіледі, кейін жаз­ба­ша келісім­ге немесе профилактикалық егуден бас тар­ту туралы құжатқа қол қояды. Екі сатылы вакцина арасындағы интер­вал – 21 күн.
«Ауырып ем із­деген­ше, ауыр­май­тын жол ізде» демекші, ден­саулығымыз­ға немқұрайлы қарамайық!

Алмас Аманжолов, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының орынбасары.

Поделиться ссылкой: