Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік, рухани адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», – деп келешектің кемелдігіне нық сенімін білдірді.
Ең алдымен рухани адамгершілік тәрбиенің өзектілігі неде? Әрине рухани адамгершілік тәрбиенің маңызы зор. Ол барлық пән және қосымша жүргізілетін пәндік және тәрбиелік үйірмелер арқылы жеке тұлғаның адами қасиеттерді меңгеруін, адамның өзін-өзі реттеуін, жетілдіруін, әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ұлттық құндылықтар арқылы ата-бабамыздың қанында бар қасиеттерді бойға сіңіруді көздейтіндігінде. Рухани тәрбиенің өзектілігі – бұл адамның ешуақытта қатып қалған қағидаларға сүйенбейтіні, нәтижесінің бірден көзге көрінбейтіндігі. Сол қасиеттерімізді баланың бойына дарыту жауапты да үлкен міндет болып саналады.
Рухани адамгершілік тәрбиенің мақсаты – жалпыадамзаттық құнды-лықтармен, нормалармен және дәстүрлермен үйлесетін моральдық қасиеттер мен көзқарастар қалыптастыру болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін «Өзін-өзі тану» пәнінен бөлек, барлық пәндер, үйірмелер мен орталықтар арқылы да ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып, рухани адамгершілік тәрбие беруге болады. Әрбір пән оқытушысы білім берумен ғана шектелмеу керек. Өйткені, біз, баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде ғана оның рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра аламыз.
Рухани тәрбие әлемдегі әр құбылыстарда көрініс табады. Сондықтан оны қалаған пәніңізге арқау етуге болады.
Студенттерді адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі формалары мен әдістеріне топта жүргізілетін тәрбие сағаттары мен тәрбиелік мәні бар іс-шаралар (кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер т.б) жатады.
Осы орайда, баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруда колледжде «Анаға тағзым» орталығы және «Асқар тау – әкелер» клубы жұмыс жасайды. Жеткіншекті осы бағытта тәрбиелеу үшін қазақы қасиетімізді, асыл сөздің құдіретін де студенттерге жеткізе білуде ата-анамен колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда осы орталық пен клубтың жұмысының берері мол.
Асел КЕРИМБЕКОВА,
Құлан агротехникалық жоғары колледжі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.