Діни ахуал тұрақты болғанымен…

542 Views

Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаевтың төрағалығымен Кеңес отырысы өтті. Оған дін саласына қатысты жауапты мамандар, кеңес және ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, бірқатар бөлім басшы­лары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кеңес барысында аудан мек­тептерінде білім алатын жас­өспірімдер арасында діни сауаттылықты арттыру бағы­тында атқарылған жұмыстар жөнінде білім бөлімінің басшысы Майра Базарова баяндама жасаса, Жаңатұрмыс ауылдық округінің бас маманы Нұржан Сералиев 2021 жылдың І тоқсанында ауыл аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Тоқсан сайын бас қосатын бұл жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернұр Мадияров та сөз сөйлеп, аудандағы діни ахуал және мешіттердің жай-күйі туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, кездесу барысында деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды оңалту және алдын алу сала­сындағы діни бірлестіктердің қыз­метін жетілдіру туралы мәселелері қаралды.
Жиын соңында аудан әкі­мінің орынбасары Әлібек Мамыт­жанұлы аудан көлемінде дін саласы бойынша жағдай тұрақты болғанымен, күн тәрті­бінде тұрған осы мәселелер бойынша атқарылатын нақты жұмыстарды белгілеуді тапсырды. Діни тұрақтылықты нығайту бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде бірнеше ауылдық округ әкімдеріне хатта­малық тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жұмысты жандандыру үшін дәл осындай тапсырмалар сала басшыларына да жүктелді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: