Жаттығу жиынына жоғары баға берілді

530 Views

Сейсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтің төрағалығымен дала және орман өрттерінің алдын алуға, мемлекеттік орман қоры жерлеріне табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында облыстық құзырлы орган басшыларының қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Р.Сәбденов ауылында өткен жиынға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ж.Сейтімбетов, аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Н.Қадырханов, Луговой және Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелері мен ауданның бес ауылдық округінде өртке қарсы құрылған ерікті топ мүшелері қатысты.
Жиында облыстық төтенше жағдай департаментінің басшылары аты аталған топтар мен мекемелердің төтенше жағдайға дайындығын, қажетті құрал-жабдықтармен, техникамен қамтамасыз етілуін тексерді.
Оқу-жаттығу жиынында басшылар берген тапсырмаға сәйкес жауапты мамандар ширақ қимылдап, іс-шара үшін арнайы қолдан қойылған өртті сәтті ауыздықтай алды.
Іс-шара соңында облыстық төтенше жағдай департаментінің басшылары оқу-жаттығу жиынына жоғары бағасын берді.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: