Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Елімізде індеттің алғашқы белгілері тіркелгеніне, міне бір жарым жылға жуық уақыт болды. Бірақ, өкінішке орай қателіктен сабақ алмай келеміз. Қаншама жақынынан айырылып жатқан отбасыларды өз көзімізбен көрсек те, қарапайым қағидаларды сақтаудан алшақтаймыз. Өзекті өртейтін өкініш те – осы.
Аудан аумағында эпидахуалды назарда ұстау үшін арнайы мониторингтік топтар құрылған. Күні кеше солардың бірін өзімен бірге ерткен аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев орталық ауылдарда орналасқан бірқатар білім ошақтарын аралады. Олардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Шоқан Уәлиханов, Юрий Гагарин, Қызылпан Сұлтанбеков, Тұрар Рысқұлов, Максим Горький атындағы мектептер мен Құлан және №1 мектеп-лицейі де бар. Дәл осы аралау кезінде Әлібек Мамытжанұлы назардағы нысандардың тізіміне іргелі оқу орындарының бірі саналатын Құлан агротехникалық жоғары колледжін де қосты.
Аралау барысында оқу ордаларының басшыларына сақтық шараларын күшейту керектігін және карантиндік шектеулерді сақтау маңызды екендігін ескертті. Сондай-ақ, ата-аналарға орын алып отырған келеңсіз жағдайды тиісті деңгейде түсіндіру керектігін басшыларға тапсырды.
Жәнібек СҰЛТАН.