Жас чемпионды жеке қабылдады

853 Views

Апта басында аудан әкі­мі Ерболат Садырқұлов Тайчжун қаласында өткен Азия чем­пионатының алтын медаль ие­гері жас балуан Нұрданат Айта­новты қабылдады.
Чемпионмен кездесу бары­сында Ерболат Салқынбекұлы аудандық спорттың қоржыны тағы бір алтын медальмен толыққанын, бұл жеңістің күшті рух пен үздіксіз шынығу және үлкен еңбектің арқасында келгенін айтып өтті.
Айтанов Нұрданат Мұратұлы 2005 жылы Құлан ауылында туылған. Бала кезінен бері спорттың еркін күрес түрі­мен шұғылданып келеді.
Ол Қытай мемлекетінің Тайчжун қаласында өткен дода­да Азия чемпионы атанған. Осы жылы Тараз қаласында өт­кен жарыста бас жүлдені же­ңіп, еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы атан­ды.
Сонымен қатар, биыл Вен­грияда өтетін әлем чемпионаты мен Үндістанда өтетін Азия чемпионатына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Кездесу соңында аудан әкімі жас жеңімпазға алдағы уақытта өтетін жарыстарда сәттілік тіледі. Қашан да спортты дамытуға және елдің мақтанышына айналып, әлі талай биіктерді бағындыратынына зор сенімін білдіріп, жас спортшыға арнайы алғыс хатын табыстады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: