Тыл ардагерлері де тасада қалған жоқ

710 Views

Майдандағы жеңіске тыл ардагерлерінің де қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да оларға көрсетілетін құрмет соғыс ардагерлерінен де кем болмауы тиіс.
Жуырда осы бір қарапайым қағиданы қаперіне мықтап сақтап алған 03811 әскери бөлімінің бір топ қызметкерлері аудан орталығында тұратын тыл ардагері Тулиева Мария Иосифқызын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап қайтты.
Бөлім командирі майор Алмаз Кабиев бастаған сарбаздар тыл ардагерін құттықтап қана қоймай, арнайы дайындалған түрлі сый-сияпаттарын ұсынды. Жасы тоқсанға жуықтап қалған тыл ардагері өз кезегінде өзін құттықтап келушілерге шексіз алғысын білдірді.

«Құлан таңы» ақпарат..

Поделиться ссылкой: