Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Аудан көлемінде жеке кәсіп арқылы өзінің нәсібін тауып жүрген жастар жетерлік. Олар жас болса да қажырлы еңбектің арқасында әрбір істің тізгінін ұстап жүргендігі көңіл қуантады. Біздің өңірде сондай кәсіптің көзін тапқан жастардың бірі – Жеңіс Сүлікбаев.
Жеңіс – Луговой ауылының тумасы. Жастайынан жаңа технологияларға әуес болып өсіп, мектепті аяқтай салысымен, Шымкент қаласындағы Отырар колледжіне оқуға түседі. Онда 4 жыл дәріс алып, «бағдарламашы» мамандығын игеріп шығады. Алайда, мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмаған Жеңіс Тараз қаласындағы №12 кәсіптік колледжде қайта даярлау курсынан өтіп, «автомеханикалық жабдықтау» мамандығын игеріп шығады.
Қазіргі таңда Жеңіс Наурызбайұлы көлік жөн деу орталықтарының бірінде кәсібін ашып, көлік тізгіндегендерге автоэлектрдің қызметін көрсетіп жүр. Ауданда бұл қызметтің тапшы екендігі баршаға белгілі. Бастаған ісінің аяқ алысы да жаман емес. Қолға алған жұмысы оң нәтижесін беруде. Алдағы уақытта қажетті құрал – жабдықтарды алып, өзінің жеке көлік жөндеу орталығын ашқысы келетінін жасырмады.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.